1 маусым күні кітапханамызда жас оқырмандарға арналған «Қош Келдің, Жаз! Сәлем, Кітап!» атты тамаша мереке ұйымдастырылды. Бұл шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.

    Мереке құттықтау мен ізгі тілектерден басталды. Беляева Вероника көңілді авторлық әндер – «Радуга», «Дом дружбы» туындыларын орындап, көрермендерге шаттық сыйлады.

    Балалар ертегі жолдарымен саяхаттап, викториналарға, танымдық әдеби ойындарға – «Ғажайып ертегілер шеруі», «Кітап кейіпкері» және басқа да қызықты жарыстарға қатысты. Олар асфальтқа түрлі-түсті борлармен күнді, ағаштарды, сүйікті қаласын және ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, қиялдарын еркін жеткізді. Кітап көрмесі аясында «Балалық шақ жолдарымен кітаппен!» атты ұсыныстар беріліп, балаларға түрлі-түсті әдебиеттер ұсынылды. Іс-шара соңында әр балаға күннің нышанындай әсем шарлар мен тәтті сыйлықтар таратылды.

   Бұл қуанышты күні балалардың шат күлкісі естіліп, мерекеге қатысқандардың барлығы шын көңілмен қуанып, ерекше әсер алды.