«ЭкоРазум» жастар экологиялық-ағартушылық бірлестігінің жұмысы аясында «Дүниежүзілік экологиялық қарыз күні. Әдеттерді өзгерту уақыты келді» атты ақпараттық-танымдық talk өтті.
Шараның мақсаты: адамзаттың қоршаған ортаға деген жанашырлығын ояту, табиғи байлықтарды сақтау, қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту.
Ең алғаш экологиялық қарыз күні 1970 жылдың 29 желтоқсанында байқалған.
Кітапханашы табиғатта болып жатқан өзгерістердің көбі адам қолымен жасалатыны, табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз жақтары көп екендігі және табиғаттың бұзылуы ірі экологиялық апаттарға әкелетіні туралы ақпараттар берді.
Шара барысында оқырмандар қоршаған ортаны қорғау, жеріміздің тазалығын таза ұстау бәріміздің парызымыз екені жайлы айтты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1787-20-mausym-2025#sigFreeIdb1cb3cc46c