2025 жылғы 20 маусымда Теміртау қалалық орталық кітапханасында  ОКЖ кітапханашыларына арналған көшпелі семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның тақырыбы — «Кітапханалардың өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі рөлі».

 Семинар-тренингке қатысушыларға алғашқы құттықтау сөзін Теміртау қалалық кітапханалар жүйесінің жетекшісі Әлкеева Айгүл Әбдіманапқызы арнап, бұл кәсіби шараның өзектілігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселеге байланысты айтқан сөзін еске салды:

«Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс».

Кәсіби іс-шара бағдарламасына келесі баяндамалар мен тренингтер енгізілді:

1.       Баяндама: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы – жастармен жұмыс істеудегі басты бағыт» — баяндамашы Ратникова Л.Г., Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы. Кейін қатысушыларға арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды.

2.       Кеңес: «Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының адалдық, әділеттілік пен патриотизм рухында жастарды тәрбиелеудегі тәжірибесі» — баяндамашы Бейсембаева Р.Р., аталмыш кітапхананың жастарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.

3.       Баяндама: «Әдебиет пен интеллектуалдық даму: ұрпақ тәрбиесіндегі өзара байланыс»— баяндамашы Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы, «Temirtau tynysy» газетінің бас редакторы.

4.       Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ogyrman» кітапсүйерлер клубының мүшелері «Адалдықты мұрат еткен – Ұлы Абай» атты дауыстап оқулар өткізді. Оқуларда Абайдың «Қара сөздері» оқылып, домбырамен Абай әндері орындалды. Ратникова Л.Г. Теміртау қаласының ОКЖ әріптестеріне Абайдың «Қара сөздері» кітабының бірнеше данасын және ұлы ақынның өлеңдері мен дәйексөздері жазылған парақшаларды сыйға тартты.

5.       Әдістемелік ұсынымдар: «Қазіргі жастар: азаматтық сана мен патриотизмді қалыптастыру» — баяндамашы Жәлел Ғ.Қ., Теміртау қалалық ОКЖ кітапхана даму бөлімінің жетекшісі.

6.       Кеңес: «Жастар және кітапхана: заманауи жұмыс түрлері арқылы жастарды кітапханаға тарту» — баяндамашы Дендор С.А., №1 кітапхана-филиалының кітапханашысы.

Барлық спикерлер «Адал азамат» тәрбиелеу тақырыбын түрлі қырынан талдап, мәселелер мен әдістерді, жастар саясатын, интернет кеңістігін тиімді пайдалану, жастар жобаларын жүзеге асыру және осы бағыттағы кітапханалардың маңызды рөлін атап өтті. Семинар-тренинг соңында «Туристік орындар туған өлкені зерттеу нысаны ретінде» атты көшпелі экскурсия өтті. Маршрут: Қысқы бақ, тарихи-өлкетану мұражайы, балалар мен жасөспірімдер театры.