Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Құмарға құныққандар қасіреті» көрмесі ұйымдастырылды.

Нашақорлық қазіргі уақытта бүкіл әлем қауымдастығын алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Бұл нашақор болған отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның трагедиясы.

Көрменің мақсаты: жасөспірімдерге есірткінің зардабы мен зиянын айтып түсіндіру. Жас ұрпаққа есірткінің қауіптілігі мен тыйым салынған заттардың таралу проблемасы жайлы кеңінен ақпарат беру.

Аталмыш көрмеге Д.Досжан «Ине ұшындағы өмір», У.Жарқынбай «Саулық кілті өз қолында», О.Ерышев «Жизнь без наркотиков», К.Фалковски  «Опасные наркотики», А.Данилин  «Как спасти детей от наркотиков», А.Е.Личко «Подростковая наркология» т.б. кітаптар қойылды.

Оқырмандарға тақырып бойынша ақпараттар жазылған парақшалар мен буклеттер таратылды.