Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы жастарды есірткінің зияны туралы ақпараттандыру, болдырмау мақсатында «Есірткісіз өмір – ғажайып!» ақпараттық акциясын өткізді.
Акция аясында қала тұрғындары арасында парақшалар мен буклеттер таратылатын ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Жас қала тұрғындарына есірткінің зияны, есірткі бизнесімен күресу, нашақорларға психологиялық және медициналық көмек көрсету туралы айтылды.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1799-26-mausym-2025#sigFreeId8bc0f53b97