Бүгін кітапханаға Бұқар Жырау ауданы ОКЖ Көкпекті кентінің қызметкерлері мен жас оқырмандары экскурсиямен келді.

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде олар үшін 2025 жылы аталып  өтілетін және еске алынатын күндер тізбесіне шолу жасалды. Бұл - ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және басқа да айтулы күндерге арналған әдебиеттер.

 Балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы викторинаға белсенді қатысып, Жайық Бектұровтың кабинет-музейінде болды. Іс-шара соңында кітапхананың кітап қорына «1000 советов мастеру на все руки» атты кітапты сыйға тартты.

https://www.instagram.com/p/DL7TbazoFqH/