Кітапханады Қазақстанның талантты композиторы, ақын, музыка педагогы, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Людмила Евгеньевна Мельниковамен кездесу өтті.
«Радуга Детства» әдеби-музыкалық композициясы оның мерейтойына арналды. Кездесу өте жылы, шабытқа толы, еркін әңгімелесуге негізделген форматта өтті. Людмила Евгеньевна өзінің «Детские лица», «Зазеркалье» және басқа да әндерін №2 балалар музыка мектебінің оқушылары Букенова Ясмин мен Тойшыбекова Лунарамен дуэтте орындады.
Шығармашылық кештің қонақтары №97 және №45 гимназия оқушылары, сондай-ақ «Карамелька» дамыту орталығының тәрбиеленушілері болды. Олар әсем өнермен тікелей жүздесуден ұмытылмас әсер алды.
Кітапханаға естелік ретінде Людмила Евгеньевна өзінің «Жұлдызды әндер» жаңа кітабын сыйға тартты. Іс-шара соңында композитордың «Дворец культуры горняков» әні орындалып, балаларға автордың қолтаңбасы қойылған күнтізбелер таратылды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1866-12-yrk-jek-2025-2#sigFreeId3ce3f2824a