Қыркүйек айының 19-ы күні Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Кітапханадағы жастар: жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» атты форсайт-сессия өтті. Іс-шараға Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханашылары қатысты.
Форсайт-сессияны ОКЖ директоры Мазель Мадина Иссаевна ашып, шараның мақсат-міндеттерін атап өтті. Саран қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Орынбек Аяжан Берікболқызы «Кітапхана және жаңа буын: өзара әрекеттесу қырлары» атты баяндамасында орталық пен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі арасындағы көпжылдық және жан-жақты ынтымақтастықты кеңінен баяндап өтті.
Кітапхана үдерістеріне жасанды интеллектіні тиімді түрде интеграциялау міндеттері туралы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясындағы кітапханалардың рөлі» тақырыбындағы баяндамасында айтылды (Волкова О.Н., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК). Назар кітапханалардың цифрлық дәуірдегі жаңа бейнесін қалыптастыру, кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптардың артуы, мақсатты аудиторияны, әсіресе жастарды терең тану, сондай-ақ қазіргі заманғы техникалық сауатты оқырмандармен өзара әрекеттесе білу және тиімді қарым-қатынас орната алу сияқты мәселелерге аударылды.
«Кітапхана – жастардың даму, қарым-қатынас және бос уақытын тиімді өткізуге арналған арт-алаң» тақырыбында №2 отбасылық оқу кітапханасының (Ақтас кенті) жетекшісі Свиридова Е.Ю. баяндама жасады. Ол «Поколение NEXT в сети Интернет», «Молодежный перекресток. Поколение NEXT выбирает», «Ұлы даланың мұрасы», «Библиотека — территория новых возможностей», «Школа счастливой семьи» атты жобаларды жүзеге асыру аясындағы жұмыстар туралы, сондай-ақ БиблиоСтудияның құрылуы, «Вдохновение» шығармашылық клубының қызметі жөнінде айтып өтті. 2025 жылы «LIFE-навигатор» жобасы бойынша жұмыс басталды.
Кітапханадағы клуб — бұл жастардың қарым-қатынас орталығы, деп есептейді орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Лаухина О.А., ол кітапханада жұмыс істейтін қызығушылық клубтарын таныстырды: оқу залында жұмыс істейтін «Истоки» әдеби-тарихи өлкетану клубы және жастарға арналған «Жас толқын» әдеби клубы. Жасөспірімдерге арналған «Медиа кері байланыс» үйірмесі ерекше қызығушылық тудырды. Технологияларды, креативті ойлауды және белсенді оқырмандар қауымдастығын біріктіретін заманауи форматтағы, болашақ кітапхана туралы әңгіме «Кітапхана PRO – шығармашылықтың жаңа кеңістігі» атты консультация барысында қозғалды.
Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жастармен жұмыс және бұқаралық іс-шаралар бөлімінің кітапханашысы Бегазықызы Мадина цифрлық дәуірдегі кітапханаларды дамытудың негізгі бағыттарын, жасанды интеллектіні қолдану мысалдарын және арнайы құралдар туралы айтып өтті.
PRO–кітапхананың ең маңызды элементі – пікірталас. Ашық диалогсыз форсайт мүмкін емес. «Болашақ кітапхана. Қолдаймын/Қарсымын» атты пікірталас барысында қатысушылар XXI ғасыр кітапханасының дәстүрлері мен жаңашылдығы, жастарды қалай тартуға болатыны, сондай-ақ келесі бес жылда қандай қызметтер қажет болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.
Форсайт-сессия барысында қатысушылар кітапханалардың болашағы туралы ой бөлісіп, болашақ оқырмандар жайлы әңгімеледі, болжамдар жасап, пікірталасқа түсіп, цифрландыру нәтижесінде орын алуы мүмкін өзгерістер мен оқиғалардың сценарийлерін құрды.
Шараға Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.
https://www.instagram.com/bekturov_library/reel/DOyCZ9HCFjf/
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1876-19-yrk-jek-2025#sigFreeId67268cc803