Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «KitapTime – 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Қауырсын ғалам» атты «Поэзия-party» іс-шарасы өтті.
Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатындағы республикалық кітап фестивалі биыл Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Шара барысында Қарағанды медицина университетінің «Жыр-жауһар» поэзия клубы, «БОТА» ЖИО жас мүшелері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің» студенттері қара сөздерін, «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» және «№97 гимназиясының» оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Қасым Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің» оқушылары әсем әндері мен әсерлі күйін орындады.
Кітапхана қызметкерлері «Ұлы даланың дана ойшылы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1878-24-yrk-jek-2025#sigFreeId795a48fdb5