Ақпараттық-библиографиялық бөлімде Еңбек күніне арналған «Еңбегі адал жас өрен» атты Ақпарат күні өтті. Бұл күнді атап өтудің мақсаты – барлық мамандықтарға деген құрмет көрсету және кез-келген еңбектің маңыздылығын атап өту.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамда ең жоғары орында тұруы керегін, елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс екендігін әрдайым айтып келеді.

Ақпарат күнінде Қарағанды қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 8 «ә» сынып оқушылары қатысты. Іс-шарада презентация көрсетіліп, Еңбекке арналған Wordwall.net сайтында тікелей викториналық ойын ұйымдастырылды.

Кітапхана қызметкері қатысушыларды қызықтырған тақырыптар бойынша әдебиеттермен таныстырып, кітапхана бойынша экскурсия өткізді.