Балаларға қызмет көрсету бөлімінде Еңбек күніне орай «Ер дәулеті - еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға еңбектің маңызын түсіндіру, еңбек адамының бейнесін дәріптеу, жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Көрмеге кітапхана қорындағы Ғ.Бейсембаевтың «Мамандық таңдау әліппесі», М.Мамажановтың «Еңбек еттім ел үшін», Ө.Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық», Г.П.Шалаеваның «Хочу стать математиком» және әр түрлі кәсіптер туралы материалдар ұсынылды.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1886-26-yrk-jek-2025#sigFreeIdc7a7c48395