Кітапханада «Жеке ресурс: әлеуметтену және өзара әрекеттесу» атты танымдық talk өтті. Жаттықтырушы: педагог-психолог Ирина Станиславна Бариева.
Әңгіме барысында қатысушылар – машина жасау колледжінің студенттері – жеке ресурстардың (психологиялық, кәсіби, физикалық) дамуы, ішкі (сенімдер, дағдылар, құндылықтар) және сыртқы тіректердің (адамдар, материалдық ресурстар, қызмет, әлеуметтік байланыстар) маңызы, жастардың өзін-өзі реттеу тәсілдері мен эмоционалды тұрақтылығы туралы ақпарат алды.
Интерактивті кездесу аясында психологиялық ресурстармен жұмыс, табысқа жету жолындағы қадамдар, зейін жаттығулары және өмірлік жағдайларды талдаудан тұратын практикалық тренинг өтті. Сондай-ақ қатысушыларға өз ресурстарын бағалау және ризашылық білдіретін үш нәрсені жазу ұсынылды.
Іс-шараға «Жеке ресурс: әлеуметтену және өзара әрекеттесу» атты кітап көрмесі дайындалып, онда психология мен тұлғалық даму бойынша әдебиеттер ұсынылды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1890-30-yrk-jek-2025#sigFreeIdd52bd8d9e2