30.09.2025 ж., Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Адамзаттың Абайы» атты XІХ Абай оқулары облыстық байқауы өтті.
Байқауға Қарағанды облысының 15-21 жас аралығындағы жастары қатысты. «Адамзаттың Абайы» атты XІХ Абай оқулары байқауына жалпы саны 40 адам қатысты.
Абай оқулары облыстық байқауын ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Салтанат Амангелдіқызы Кеңесбекова құттықтау сөзімен ашты. Қарағанды облысының жастары арасында дәстүрлі түрде әр форматта өтіп келе жатқан Абай оқуларына қатысушы жастарға Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, өресі асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіру керек екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында барлық қатысушылар байқауға баға берген әділқазылар алқасының алдында Ұлы ақынның мағынасы терең, жастарды білім-ғылым іздеуге, адамгершілікке тәрбиелейтін «Қара сөздерін» жатқа мәнерлеп оқып шықты. Әділқазылар алқасы байқау ережесінің шарттары бойынша қатысушыларға баға беріп, байқаудың жүйріктерін таңдап, жеңімпаздарды анықтады.
Әділқазылар алқасының құрамы:
- Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті филология факультетінің аға оқытушысы, ф.ғ.д – Жансая Жанғазыұлы Жарылғапов;
- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Жәдел Қуандықұлы Шалқар;
- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Ерқанат Кеңесбекұлы Кеңесбеков.
Байқау қорытындысы бойынша «Адамзаттың Абайы» атты XІХ Абай оқулары облыстық байқауының «Үздік көркем сөз шебері» номинациясы бойынша Бас жүлде жеңімпазы Қарағанды қаласы «№4 ЖББМ» оқушысы Ақгүл Абдигаликова атанды.
І дәрежелі дипломымен «№66 мектеп-лицейінің» оқушысы Юсуп Әдемі мен «№14 мектеп-гимназиясының» оқушысы Маратбек Кәусар;
ІІ дәрежелі дипломымен Қарағанды медицина университетінің студенті Түбекбайұлы Сәкен мен Қарағанды жоғары «Болашақ» колледжінің студенті Сарсенкулова Айша;
ІІІ дәрежелі дипломымен «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының» оқушысы Қорабай Назерке мен «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» оқушысы Тастемір Аяулым;
Ынталандыру грамотасымен «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің» студенті Аманбек Қымбат пен Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Болат Ералы марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Бағдат Мүбәрак байқау жеңімпаздарын құттықтады. Жеңімпаздарға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдары мен арнайы сыйлығы табысталды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1892-30-yrk-jek-2025-2#sigFreeId3a01531296