30 қыркүйек Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Президенттің Жолдауы: жаңа бастамалар» диалог-кездесуі өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша қыркүйек айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық, сыртқы және ішкі саяси даму мәселелерінің кең ауқымы қозғалды. Жасанды интеллектті кеңінен енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Жолдаудың негізгі идеяларын түсіндірумен Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының маманы Айгерім Кусайн сөз сөйледі. Іс-шараға С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары қатысты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1894-30-yrk-jek-2025-3#sigFreeId6b1102442e