7 қазанда Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы негізінде «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел игілігінің берік негізі» атты құқық сағаты өтті.
Мақсаты: Президент Жолдауында көтерілген ел дамуының өзекті мәселелерін студент жастарға түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, бірлік пен жүйелі реформалардың қоғам үшін маңызын талқылау.
Шараның спикері «Bolashaq» академиясының Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Нұртаева Динара Бөгенбайқызы мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп берді.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1898-7-azan-2025#sigFreeIddfedb918b6