2025 жылдың 15 қазанында Яндекс Телемост платформасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және ТМД кеңістігінде фашизмге қарсы күрестегі Бейбітшілік пен Бірлік жылына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты халықаралық онлайн поэзия кеші өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Курганинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі (Ресей Федерациясы), бірлескен ұйымдастырушылары – Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (Қазақстан Республикасы) және Кошехабль орталықтандырылған кітапхана жүйесі (Адыгея Республикасы) болды.
Іс шараны Б.В. Панков – Қурганинск ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, Л.Н. Глазунова – Қурганинск ОКЖ директоры, Н.Ф. Шмойлова – Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК орынбасары және Ф.Р. Хакунова – Кошехабль ОКЖ директорының құттықтау сөздерімен ашылды.
Іс-шара модераторлары – Курганинск ОКЖ директорының орынбасары Е.В. Лысенко, Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы С.Ж. Жүсіпова, сондай-ақ қатысушылар қатарында Қарағанды машина жасау колледжі мен академик Қ.А. Сағынов атындағы мектеп-колледждің студенттері болды.
Бағдарламаның негізгі бөлімінде Ұлы Отан соғысына, Ресей, Қазақстан және Адыгея елдерінің майдангер-ақындарына арналған өлеңдер мен әдеби композициялар орындалды.
Қарағандылық қатысушылар К. Пивнев, Г. Банзе, Е. Тайгулина, А. Новоструева, Н. Рахманов поэзия кешінде Жамбыл Жабаев, Қасым Аманжолов, Мұзафар Әлімбаев, Сырбай Мәуленов және Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқыды. Ресейлік қатысушылар өз кезегінде Константин Симонов, Александр Твардовский, Юлия Друнина, Давид Самойлов, Борис Богатков және басқа да авторлардың өлеңдерін орындады.
Поэзия кеші жылы да шынайы атмосферада өтті, қатысушылардың барлығында Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігіне деген мақтаныш пен құрмет сезімі және олардың есімін мәңгі сақтайтын поэзияға деген ризашылықты қалдырды.
Кеш барысында халықтар достығы, соғысты бастан өткерген ұрпақтардың ортақ жады мен рухани мұрасы тақырыптарына ерекше мән берілді.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1908-15-azan-2025-2#sigFreeId5283dfbe91