Рухани келісім күніне орай жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Диалог негізінде әлем құру» атты интерактивтік пікірталас өтті. Іс-шараға педагог-психолог Ирина Станиславовна Бариева қатысты.
Кездесу өзара құрмет, төзімділік және бейбітшілікті сақтау, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстанның рөлі тақырыптарына арналды.
Интерактивтік пікірталас барысында жастар «бейбітшілік» ұғымының олар үшін нені білдіретінін талқылады, еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті сақтау үлгілерімен танысты. Қатысушылар топтық жұмыс форматында көпұлтты елде өмір сүрудің артықшылықтарын айқындап.
Іс-шараның қорытындысында оқушылар «Бейбітшілікті сақтау үшін мен…» деп басталатын сөйлемді жалғастырып, өздерінің жеке өмірлік қағидаларын қалыптастырды.
Қатысушыларға сондай-ақ «Диалог негізінде әлем құру» атты кітап көрмесінде ұсынылған басылымдар таныстырылды. Көрмеге тақырыпқа сай кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Іс-шараға Қ. Нұржанов атындағы гимназия және № 73 НОМ оқушылары қатысты. Шара жылы да ашық атмосферада өтті және жастарды өзге ұлттарға құрметпен қарайтын, саналы азамат болып қалыптасуға үндеген маңызды қадам болды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1912-16-azan-2025-2#sigFreeId2245756b74