16 қазан күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесімен бірлескен 18 қазан Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» атты кездесу-диалог іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында оқырмандар назарына еліміздің Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі - қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылатын «Рухани келісім – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» атты бейнеролик ұсынылды.

Облыстық Әл-Машани мешітінің Наиб имамы Әсер Наурызбайұлы - «Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу», Қарағанды медицина университетінің «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Аралбай Сакен Мендуллаұлы мен осы кафедраның ассистент профессоры Камшат Жақсылыққызы Абдрахманова – «Береке, бірлік, тұрақтылық, тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлық» тақырында ой бөлісті.

Сонымен бірге Қарағанды медицина университетінің студенттері «Рухани келісімді, татулықты, ел тұтастығы мен орнықты дамуды жүзеге асыру - мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі» тақырыбы бойынша презентация жасап, татулық, бірлік туралы өлеңдер оқыды.

Әрқайсымыз үшін ең басты құндылықтар - бейбітшілік, келісім және халықтар бірлігі. Халықтар бірлігі - бұл күш. Бейбітшілікті сақтау және халықтар арасындағы қақтығыстардың алдын алу үшін келісім мен бейбітшілік болуы керек.

Шараға Қарағанды медицина университетінің студенттері, «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірме мүшелері, «Ровесник» клуб мүшелері қатысты.