Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде көрнекті ақын, жазушы, Қ Р Мемлекеттік Әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Уақытпен жырланған жолдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

Мақсаты: оқырмандарға Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, поэзиядағы өзіндік қолтаңбасын таныту, жастарды елжандылыққа, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Шара барысында Жұмекен Нәжімеденовтың «Жеті бояу», «Ашық аспан»,  «Менің Қазақстаным», «Жаңғырық», «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт», «Таңдамалы шығармалар жинағы», естеліктер мен зерттеу еңбектеріне шолу жасалды.

Оқырмандар Жұмекен жырларындағы елдік рух, табиғатқа іңкәрлік, адам жанының терең иірімдері туралы толғаулармен танысып, рухани әсер алды.

Шараға Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты оқушылары мен Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің оқушылары қатысты.