Балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Карамелька» дамыту орталығына барып, қазақ халық ертегісі «Ер Төстік» бойынша дауыстап оқу шарасын өткізді.
Мақсаты – балаларды қазақтың бай ауыз әдебиетімен таныстыру, өз халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылық пен құрмет сезімін ояту, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Балалар ержүрек әрі батыл Ер Төстік туралы, өзінің ағаларын құтқару үшін сиқырлы сапарға аттанған кейіпкер жайындағы ертегіні қызыға тыңдады. Кейіпкердің бастан кешкен таңғажайып оқиғаларына бірге қуанып, достыққа, батылдық пен өзара көмекке үйренді.
Ертегі оқылғаннан кейін балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, ойларымен және әсерлерімен бөлісті.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1946-13-arasha-2025#sigFreeId6c3e569b73
