2025 жылдың 18 қарашасында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Мемлекет және дін» атты кездесу өтті.

Іс-шараның спикері – «Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ-нің дінтанушысы Писклов Олег Анатольевич.

Кездесудің негізгі мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің діни сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ толеранттылық, конфессияаралық өзара ықпалдастық және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелерін талқылау болды.

Спикер Қазақстандағы діни мәселелерді реттейтін заңнамалық негіздер туралы, сондай-ақ мемлекет түрлі конфессиялар арасында тепе-теңдікті сақтай отырып, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету бағытында қалай жұмыс істейтіні жөнінде жан-жақты айтып өтті.