Ұлы ғалым, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, фольклортанушы, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай кітапханада «Жарқыраған метеор» атты table-talk шарасы өткізілді.
Гимназия № 97 оқушылары үшін блиц-викторина элементтері мен шығармашылық тапсырмалары бар әдеби-танымдық ойын, ғалым туралы кітаптар көрмесі және бейнематериалдар дайындалды. Оқушылар тамаша эрудиция көрсетіп, этнографтың өмірбаяны мен қызметі жөніндегі білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеді.
Ойын барысында сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мектеп оқушылары креативті ойлау қабілетін танытты, ал оқу залында жайдары да достық атмосфера қалыптасты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1956-18-arasha-2025-2#sigFreeIdc69788e08a
