20.11.2025ж, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әділ қоғам» жобасы аясында «Бабалар мұрасы – әділ билік» атты іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – халқымыздың әділдік, парасаттылық, адалдық жөніндегі бай мұраларын жаңғырта отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпаққа әділдік құндылықтарын дарыту.

Шара барысында Дақынова Хабиба Аманғазықызы -  «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Аралбай Сакен Мендуллаұлы - Қарағанды медицина университеті «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры, Алтай Бәдеұлы Аяғанов – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы қатысушылармен «Әділ қоғам деген не? Сыбайлас жемқорлықпен күресте жастардың рөлі қандай? Адал болудың қандай қарапайым жолдары бар? – деген сұрақтар төңірегінде диалог құрды. Сонымен бірге шараға қатысушылар «Әділ қоғам» жобасы ресми түрде іске қосылып, жұртшылыққа таныстырылғаны, мәдени және білім беру бағдарламалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, оны нығайтуға бағытталғаны жайлы ақпаратпен танысты. Әділдік – бабаларымыздан қалған ең қастерлі ұғым. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендігі мен тура жолдан таймайтын адалдығы – бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Шараға Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің, Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің, Ж.Қ.Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің студенттері қатысты.