Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Оқитын ұлт» жоба аясында «Кітап оқитын ұлт» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты әдебиетке баулу.
Кітапханашы кітап оқу мәдениетіне тартуға бағытталған «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бөлімдерінің кітаптарымен
таныстырды.
Шараға қатысқан Қарағанды технология және сервис колледжінің студенттері оқыған кітаптарынан алған әсерлерін бөлісті.
Көрме жастардың рухани дамуына, кітап оқуға ынтасын арттыруға ықпал етті.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1962-21-arasha-2025-2#sigFreeIdb171678c1f
