25 қараша күні көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы  Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Бөлек еді болмысы да, әуені...» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шара барысында оқушылар Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын видео-үзіндіден тамашалады.

Ұлтжанды ақынның еліне, жеріне деген ыстық махаббаты киелі шаңыраққа деген сағынышынан туындаған «Салқындап саясында самал-көлдің», «Туған жер», «Ей, достарым, тірлікте көлеңке жоқ дедің бе?», «Алдыра бермеді ғой биік маған», «Анау келген кім болды екен біліп келші кім екен?», «Менің топырағым» - деген сияқты өшпес туындыға айналған өлеңдерін «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары Нармухан Мереке, Қуаныш Нұржан, Нұрғазықызы Данеля, Дауренбекова Ұлпан жатқа айтты. №2 балалар музыка мектебінің оқушысы Талгатов Ислам Тәттімбеттің «Сылқылдақ», Құрманғазының «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындады.

Оқушылар Жұмекен Нәжімеденовтің жастық шағы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовпен кездескен сәттерінен көрініс көрсетті.

Ақынның шығармашылығы мен мәдени мұрасын насихаттауда «Бөлек еді болмысы да, әуені...» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жұмекен Нәжімеденов асқақ ақындығымен артына өшпейтін көркем туындылар қалдырды.