Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы шараға қатысқан Ж.Қ Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің студенттеріне жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану керектігін түсіндіріп, кітап көрмесіне қойылған ЖИТС-тің пайда болуы, таралу жолдары, алдын алу тәсілдері туралы кітаптарға шолу жасады.
Кітап көрмесі жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және зиянды әрекеттерден аулақ болуға насихаттайды.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1974-1-zhelto-san-2025#sigFreeId71a6985f11
