27.11.2025ж, зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет республикалық акциясы аясында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз! Кибербуллинг, буллингке жол жоқ!» атты кездесу-диалог іс-шарасы өтті. Акция жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен кибербуллинг, буллинг туралы арнайы дайындалған бейнежазбаны тамашалады. Сонымен бірге іс-шара спикерлері Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің психолог маманы Жанар Ерқанатқызы Тамабаева тақырып бойынша толық ақпаратпен берді. Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің психолог маманы Мадина Рахметуловна Байбалина жастармен психологиялық тренинг өткізді.
Шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1976-27-arasha-2025-2#sigFreeId3abb86ce48
