03 желтоқсан күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Игі істер марафоны» қайырымдылық жобасы аясында №1 арнайы мектеп-интернатында «Жүректен жүрекке» атты достар басқосуын ұйымдастырды.

Мақсаты: балаларға құрмет, төзімділік және достық қарым-қатынас ұғымдарын қалыптастыру, әр адамның ерекше екендігін және барлығының да маңызды орын алатынын түсіндіру, эмпатияны және өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

Шара барысында кітапханашылар балаларға «Жақсылық хаттар поштасы» атты ерекше конвертпен келді. Қонақтар «жақсылыққа толы» хаттарды салтанатты түрде табыстады. Хаттарды тарату кезінде әрбір балаға жылы лебіздер мен ізгі тілектер жазылған жағымды комплименттер ұсынылды.

Одан кейін «Көмектесетін кейіпкерлер» атты әдеби сергіту сәті өтті. Кітапханашы мен балалар В. Драгунскийдің «Друг детства», А. Бартоның «Вовка – добрая душа», К. Чуковскийдің «Доктор Айболит» және басқа да белгілі шығармалардан үзінділер оқыды.

Шараның жалғасында қатысушылар мейірім, көмек және қолдау туралы әңгімелесті. В. Катаевтың белгілі «Цветик–семицветик» ертегісі еске алынып, талқыланды. Шара соңында мынадай қорытынды жасалды: сүйікті «Цветик–семицветик» ертегісі бізді мейірімді, жанашыр болуға және бір-бірімізге көмектесуге үйретеді.

Мектеп-интернат тәрбиеленушілері «Лети, лети, лепесток» ойынына қатысты. Олар қағаздан гүл жапырақшаларына өздерінің ұстаздары мен достарына арналған ізгі тілектерін жазды. Кейін бұл жапырақшалар біріктіріліп, біртұтас цветик–семицветик құрастырылды.

Кездесу соңында кітапханашылар балаларға тәтті сыйлықтар табыстады.