Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Алаш айлығы» аясында «Алаш арыстары – Ж. Бектұров естеліктерінде» атты тарихи-танымдық сағат өтті.
Іс-шараға Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің студенттері қатысты.
Кітапханашылар Жайық Бектұровтың Алаш қайраткерлерімен бірге жүріп қана қоймай, олардың мұрасын терең зерттеп, кейінгі ұрпаққа Алаш тарихы мен идеясын насихаттауда үлкен еңбек сіңіргенін атап өтті. Сонымен қатар жазушының шығармалары мен мақалалары таныстырылып, оның Алаш мұрасын насихаттаушы ретіндегі еңбегіне ерекше мән берілді.
Іс-шара барысында жастар Ж.Бектұровтың Алаш қайраткерлері туралы естеліктерін оқып, «Үш Әлекең» тарихи очергін талқылады. Сонымен қатар, Алаш арыстарына арналған бейнеролик көрсетіліп, студенттер өздері дайындаған презентацияларын қорғады.
Бұл тарихи-танымдық сағат жастарға Алаш тұлғаларының рухани мұрасын тереңірек танып, ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1980-4-zhelto-san-2025#sigFreeId5a6d5ba661
