Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК-да Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» атты еске алу вахтасы өтті.
Іс шарада кітапханашы оқырмандарды батырдың өмірбаянымен таныстырып, оның өмір жолы мен қалыптасу кезеңдері туралы баяндады. Келесі сөз кезегін Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы, подполковник Марат Болдыбекұлы Манабеков алды. Ол Бауыржан Момышұлының әскери қызмет принциптері мен әскери мұрасы туралы ойларымен бөлісті.
Еске алу шарасына Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларының қатысты. Оқушылар көрнекті қолбасшы, әскери жазушыға арналған мұражайдың жұмысы туралы әңгімеледі.
Кітапханашы Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы», Александр Бектің «Волоколамское шоссе» және Дмитрий Снегиннің «Наш Баурджан» туындыларына шолу жасады.
Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының рухани ұстазы, ұлттық мақтанышы. Оның өмір жолы мен еңбегі – жастарға өнеге, патриотизмнің нағыз үлгісі.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1982-5-zhelto-san-2025#sigFreeIdf66903d973
