Қыркүйек айының 19-ы күні Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Кітапханадағы жастар: жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» атты форсайт-сессия өтті.

Іс-шараға Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханашылары қатысты.

Форсайт-сессияны ОКЖ директоры Мазель Мадина Иссаевна ашып, шараның мақсат-міндеттерін атап өтті. Ол қазіргі заман талабына сай кітапхана жұмысына елеулі өзгерістер енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Саран қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Орынбек Аяжан Берікболқызы «Кітапхана және жаңа буын: өзара әрекеттесу қырлары» атты баяндамасында орталық пен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі арасындағы көпжылдық және жан-жақты ынтымақтастықты кеңінен баяндап өтті.

Кітапхана үдерістеріне жасанды интеллектіні тиімді түрде интеграциялау міндеттері туралы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясындағы кітапханалардың рөлі» тақырыбындағы баяндамасында айтылды (Волкова О.Н., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК).

Назар кітапханалардың цифрлық дәуірдегі жаңа бейнесін қалыптастыру, кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптардың артуы, мақсатты аудиторияны, әсіресе жастарды терең тану, сондай-ақ қазіргі заманғы техникалық сауатты оқырмандармен өзара әрекеттесе білу және тиімді қарым-қатынас орната алу сияқты мәселелерге аударылды.

Баяндама барысында біздің негізгі аудиториямыз – цифрлық дәуірде өсіп келе жатқан жас буын, яғни зумерлер, олардың ерекшеліктері мен кітап оқуға деген көзқарасы туралы сауалнама жүргізілді.

Бұл сауалнамаға Саран қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашыларымен қатар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері де қатысты. Сауалнама нәтижесі үлкен буын мен жас буын арасында өзара ұқсастықтар мен ортақ мүдделердің өте аз екенін көрсетті. Сондықтан қазіргі заманғы кітапхана өз оқырмандарының қызығушылығын терең түсініп, өзін табысты мекеме ретінде көрсетуі үшін осы ұқсастықтарды табуға ұмтылуы қажет.

«Кітапхана – жастардың даму, қарым-қатынас және бос уақытын тиімді өткізуге арналған арт-алаң» тақырыбында №2 отбасылық оқу кітапханасының (Ақтас кенті) жетекшісі Свиридова Е.Ю. баяндама жасады. Ол «Поколение NEXT в сети Интернет», «Молодежный перекресток. Поколение NEXT выбирает», «Ұлы даланың мұрасы», «Библиотека — территория новых возможностей», «Школа счастливой семьи» атты жобаларды жүзеге асыру аясындағы жұмыстар туралы, сондай-ақ БиблиоСтудияның құрылуы, «Вдохновение» шығармашылық клубының қызметі жөнінде айтып өтті. Кітапхана мен «Wiedergeburt» неміс орталығы арасындағы әлеуметтік әріптестік аясында «Heimat» этно-үйірмесі жұмыс істейді, ал №2 Отбасылық оқу кітапханасының жиі қонақтары — әскери қызметшілер. 2025 жылы «LIFE-навигатор» жобасы бойынша жұмыс басталды.

Кітапханадағы клуб — бұл жастардың қарым-қатынас орталығы, деп есептейді орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Лаухина О.А., ол кітапханада жұмыс істейтін қызығушылық клубтарын таныстырды: оқу залында жұмыс істейтін «Истоки» әдеби-тарихи өлкетану клубы және жастарға арналған «Жас толқын» әдеби клубы. Жасөспірімдерге арналған «Медиа кері байланыс» үйірмесі ерекше қызығушылық тудырды. Кітапхана медиа-контент жөнінде пікір алмасуға (кері байланыс орнатуға) мүмкіндік беретін алаң ұсынып қана қоймай, сонымен қатар медиамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға да үлес қосуда.

Технологияларды, креативті ойлауды және белсенді оқырмандар қауымдастығын біріктіретін заманауи форматтағы, болашақ кітапхана туралы әңгіме «Кітапхана PRO – шығармашылықтың жаңа кеңістігі» атты консультация барысында қозғалды.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жастармен жұмыс және бұқаралық іс-шаралар бөлімінің кітапханашысы Бегазықызы Мадина цифрлық дәуірдегі кітапханаларды дамытудың негізгі бағыттарын, жасанды интеллектіні қолдану мысалдарын және арнайы құралдар туралы айтып өтті. Қатысушыларға ChatGPT қосымшасында промт жазуға арналған практикалық тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жастарға арналған іс-шаралардың инновациялық форматтары мен әлеуметтік желілерге визуалды контент жасаудың жолдары қарастырылды.

PRO–кітапхананың ең маңызды элементі – пікірталас. Ашық диалогсыз форсайт мүмкін емес. «Болашақ кітапхана. Қолдаймын/Қарсымын» атты пікірталас барысында қатысушылар XXI ғасыр кітапханасының дәстүрлері мен жаңашылдығы, жастарды қалай тартуға болатыны, сондай-ақ келесі бес жылда қандай қызметтер қажет болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.

Кітапханашылар мен студенттер автоматтандыру мен цифрландыру үдерістеріне қарамастан, кітапхананың басты құндылығы – адам, жанды қарым-қатынас екенін атап өтті. Жастар үшін кітапхана – бұл кеңістік, бос уақытты тиімді өткізу, өзін-өзі дамыту және тыныштық орны ретінде көрінетінін айтты.

Жаңа әдебиеттер, коммуникация, жайлы орта, «есеп үшін емес» ұйымдастырылған іс-шаралар – мұның бәрі оқырмандарды кітапханаға тартады. Болашақ кітапханалар – дәстүр мен жаңашылдықты, кітап пен цифрлық технологияны, білім мен заманауи құралдарды біріктіретін мекеме болмақ.

Форсайт-сессия барысында қатысушылар кітапханалардың болашағы туралы ой бөлісіп, болашақ оқырмандар жайлы әңгімеледі, болжамдар жасап, пікірталасқа түсіп, цифрландыру нәтижесінде орын алуы мүмкін өзгерістер мен оқиғалардың сценарийлерін құрды.

Іс-шараның қорытындысында алғыс хаттар табысталып, барлық қатысушыларға форсайт-сессия шеңберінде әзірленген «Кітапханада әлеуметтік желіге түсірілім жасауға» арналған чек-листер (құрастырған М. Бегазықызы) таратылды.

 

https://www.instagram.com/bekturov_library/reel/DOyCZ9HCFjf/



















2025 жылғы 20 маусымда Теміртау қалалық орталық кітапханасында  ОКЖ кітапханашыларына арналған көшпелі семинар-тренинг өтті. Іс-шараның тақырыбы — «Кітапханалардың өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі рөлі».

Семинар-тренингке қатысушыларға алғашқы құттықтау сөзін Теміртау қалалық кітапханалар жүйесінің жетекшісі Әлкеева Айгүл Әбдіманапқызы арнап, бұл кәсіби шараның өзектілігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселеге байланысты айтқан сөзін еске салды:

«Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс».

Кәсіби іс-шара бағдарламасына келесі баяндамалар мен тренингтер енгізілді:

1.       Баяндама: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы – жастармен жұмыс істеудегі басты бағыт» — баяндамашы Ратникова Л.Г., Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы. Кейін қатысушыларға арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды.

2.       Кеңес: «Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының адалдық, әділеттілік пен патриотизм рухында жастарды тәрбиелеудегі тәжірибесі» — баяндамашы Бейсембаева Р.Р., аталмыш кітапхананың жастарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.

3.       Баяндама: «Әдебиет пен интеллектуалдық даму: ұрпақ тәрбиесіндегі өзара байланыс»— баяндамашы Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы, «Temirtau tynysy» газетінің бас редакторы.

4.       Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ogyrman» кітапсүйерлер клубының мүшелері «Адалдықты мұрат еткен – Ұлы Абай» атты дауыстап оқулар өткізді. Оқуларда Абайдың «Қара сөздері» оқылып, домбырамен Абай әндері орындалды. Ратникова Л.Г. Теміртау қаласының ОКЖ әріптестеріне Абайдың «Қара сөздері» кітабының бірнеше данасын және ұлы ақынның өлеңдері мен дәйексөздері жазылған парақшаларды сыйға тартты.

5.       Әдістемелік ұсынымдар: «Қазіргі жастар: азаматтық сана мен патриотизмді қалыптастыру» — баяндамашы Жәлел Ғ.Қ., Теміртау қалалық ОКЖ кітапхана даму бөлімінің жетекшісі.

6.       Кеңес: «Жастар және кітапхана: заманауи жұмыс түрлері арқылы жастарды кітапханаға тарту» — баяндамашы Дендор С.А., №1 кітапхана-филиалының кітапханашысы.

Барлық спикерлер «Адал азамат» тәрбиелеу тақырыбын түрлі қырынан талдап, мәселелер мен әдістерді, жастар саясатын, интернет кеңістігін тиімді пайдалану, жастар жобаларын жүзеге асыру және осы бағыттағы кітапханалардың маңызды рөлін атап өтті. Семинар-тренинг соңында «Туристік орындар туған өлкені зерттеу нысаны ретінде» атты көшпелі экскурсия өтті. Маршрут: Қысқы бақ, тарихи-өлкетану мұражайы, балалар мен жасөспірімдер театры.



КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – НҰРКЕН АУЫЛЫНДА!

26-27 мамыр күндері Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-нің ауылдық кітапханаларында өз жұмыстарын жалғастырды.

Турдың алғашқы күні эстафетаны Нұркен ауылының кітапханасы қабылдап алды. Кездесу тек Нұркен ауылымен шектелмей, көршілес ауылдардан келген кітапханашыларды да қамтыды. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатуына үлкен мүмкіндік берді. Нұркен ауылының кітапханашысы Маякина Б.Р. кәсіби кездесу барысында өлкетану бағытында экскурсия ұйымдастырып, ауыл кітапханасының туған өлкенің бай мұрасын зерттеп, сақтаудағы маңызын көрсетті.

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды. Ауыл кітапханашыларына келесі өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды:

• Практикум: «Цифрлық библиография: кітапханалар библиографиялық қызметтің инновациялық құралдарын іздеу барысында»;

• Шеберлік сағаты: «Ж. Бектұров атындағы кітапхана тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану»;

• Кеңес: «Кітапханалық ресурстарды цифрландырудың мүмкіндіктері мен мәселелері»;

• Ақпараттық сабақ: «Көпшілік кітапханаларда қызмет көрсету бөлімдерінде есеп құжаттарын жүргізу».

Кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, цифрлық библиография, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу, өлкетану материалдарын цифрлау мәселелері талқыланып, тәжірибе мен білім жетілдірілді.

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ!

 

Эстафета жалғасуда! Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Қарағайлы кентінің балалар кітапханасына келді.

Кітапханашы Искакова К.К. кәсіби кездесу қатысушыларын балалар кітапханасының бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмысымен таныстырып, ең басым бағыттардың бірі – қуыршақ театры арқылы сахналандыру жұмыстарын көрсетті. Ауыл кітапханашыларына өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары тарту етілді.

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – КӨКТАС АУЫЛЫНДА!

27 мамыр күні «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» кәсіби турының екінші күні және мамандары Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Көктас ауылының кітапханасына барды. Кітапханашы Шаймерденова А.Ж. өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапханада өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың креативті үлгілерін таныстырды.

Жақын маңдағы ауыл кітапханашыларына арналған шеберлік сағаттары мен кеңестерде кітапхана ісінің қазіргі заманғы үрдістері – цифрландыру, онлайн ресурстарды дамыту, оқырмандармен жұмыстың жаңа форматтары кеңінен талқыланды.

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестеріне кітаптармен кеңсе тауарлары табысталды.

Кәсіби турдың соңында екі күндік жұмыстың қорытындысы шығарылып, қатысушылар мұндай кездесулердің тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, тиімді шешімдер табуға жол ашатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыл кітапханаларының жұмыс сапасын арттыруға және олардың беделін көтеруге ықпал етеді.

КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – АГРОГОРОДОК  АУЫЛЫНДА!

 

18 сәуірде Абай ауданындағы Агрогородок ауылының кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби турының эстафетасын қабылдады. 

Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасының жетекші мамандары «Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестеріне кітап пен кеңсе тауарларын сыйға тартты.

Ауыл кітапханашылары үшін өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды:

  • «Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру»;
  • «Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК жұмыс тәжірибесінде жасанды интеллекті пайдалану» шеберлік сыныбы;  
  • «Жасанды интеллекті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, библиография қызметіндегі ЖИ құралдары» кеңесі;  
  • «Ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттар жүйесі және кітапханада статистикалық есепті жүргізу тәртібі» тренингі.   

Агрогородок ауылының кітапханашысы Бейсембекова Б.Б. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап және иллюстрациялық көрмеге шолу жасалды.

Ауыл кітапханашыларымен кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, жинақтарды жинақтау және сақтау мәселелерін анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – ТОПАР КЕНТІНДЕ!

Эстафета жалғасуда Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби туры аясында Абай ауданындағы Топар ауылының кітапханасына келді.

«Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестерге кітап басылымдары мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды.

Топар ауылының кітапханашысы М.С.Шарипова ауылдық кітапхананың туған өлкенің қайталанбас мұрасын зерттеп, сақтайтын орталық екенін көрсете отырып, кәсіби кездесуге қатысушыларға өлкетану экскурсиясын өткізді. Ауылдық кітапханашыларға тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Абай ОКЖ ауылдық кітапханашыларымен кәсіби кездесу де әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, қор жинау және сақтау мәселелеріндегі проблемаларды анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.

«Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект»  атты семинар-воркшоп

  2025 жылғы 29 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект» атты семинар-воркшоп өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының аудандық және қалалық кітапханаларынан 30-дан астам маман қатысты.

     Семинар қатысушыларына арнап алғысөз сөйлеген Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Нұргүл Қасымханқызы Қаленова аталған шараның жасанды интеллект технологияларын облыс кітапханаларында дамытудағы маңызын атап өтті.

   «Библиографиялық іздестіруде жасанды интеллект технологиялары», «Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану» атты тренинг-сессиялар барысында кітапханашылар нейрожелілермен тікелей жұмыс істеп, олардың мүмкіндіктерін бағалап, бұл технологиялардың әрбір кітапхана жағдайында қолжетімді әрі қолдануға лайық екеніне көз жеткізді.

     Семинар барысында Ресей Федерациясы мен Беларусь еліндегі әріптестермен онлайн байланыс ұйымдастырылды.

    Иркутск облыстық жасөспірімдер кітапханасының жоба басқару бөлімінің жетекші кітапханашысы Александр Максимович Пищугин «Жасөспірімдермен жұмыс істейтін кітапхана қызметінде нейрожелілерді пайдалану тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында жастар арасында өткізілген нейроакциялар, Цифрлық технологиялар апталығы жөнінде айтып, олардың танымалдығын атап өтті. Сондай-ақ, ол И.П. Уткин шығармашылығын насихаттауға арналған жобаларды және XVIII ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейінгі әртүрлі елдердің мұрағаттық құжаттарын танитын Яндекс нейрожелілерін таныстырды.

     Беларусь ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапханасының электронды ресурстар бөліміне қарасты репозиторий қалыптастыру және интернет-технологияларды дамыту секторының меңгерушісі Алексей Викентьевич Ковалевский түрлі нейрожелілер туралы айтып, жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарының жұмысына тоқталды.

   Одан кейін Android Studio интеграциялық ортада жасалған «Бектұровка» қосымшасының таныстырылымы өтті. Қосымшаны Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің жүйе технигі Мұхан Інжу Ермекқызы таныстырды. Облыс кітапханашылары қосымшаны өздерінің мобильді телефондарына орнатып, болашақта қолдануға болатын мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

       Семинар соңында қатысушыларға Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан eGov Mobile қосымшасы арқылы өтетін «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына қатысу ұсынылды.

    Сауалнаманың басты мақсаты – елдің әдеби мұрасын сақтау мен дамыту, қазақстандық жазушылар шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.


2025 жылға арналған мерзімді басылымдардың тізімі


Абай

Айгөлек

Айналайын

Aiqyn

Ақ желкен

Ақиқат

Алан kids

Алтын сандық

Ана

Ана тілі

Английский язык в школе, колледже и вузе

Аргументы недели. Казахстан

Ahiska

Әлімсақ

Бала би (bala bi)

Балалар әлемі

Балаларға базарлық

Балапан бағы

Балбұлақ

Балдырған

Библиотека предлагает

Библиотековедение

Библиотечное дело

Білім / образование

Бурда / Вurda

Бухгалтерия организаций - получателей бюджетных средств (приказы, инструкции, комментарии)

Бухучет и налоги в государственных и бюджетных организациях

Бұқпа!

Весёлый затейник

Внеклассная работа в школе

География және табиғат

Ғылым

Дәстүр

Денсаулық

Discovery

Дружные ребята

Egemen Qazaqstan

Ертегілер әлемінде

Жалын

Жас алаш

Жас ғалым

Жемқорлықпен күрес /борьба с коррупцией

Жұлдыз

Жыл - он екі ай

Загадки истории

Заң газеті

Заңгер

З.О.Ж. Здоровый образ жизни

Игілік

Иман

Иностранная литература

Индустриальная Караганда

Qazaq

Қазақ әдебиеті

Қазақ спорты

Казақ тілі және әдебиеті: әдістеме

Қазақ тілі және елтану / Казахский язык и этнокультура

Қазақ үні

Қазақстан әйелдері

Qazaqstan kasipodagy

Қазақстан мұғалімі

Қазақстан республикасы парламентінің жаршысы / Ведомости парламента Республики Казахстан

Казахстанская правда

Қала мен дала

Караван историй. Коллекция

Kitap patshalygy.qz

Құқықтық Қазақстан

Литер

Мақалсөз

Мәдени мұра

Мәдениет

Мәслихат және әкімдік /Маслихат и акимат

Мөлдір бұлақ

Мұқағали

Мысль

Настоящие рецепты на бис

Новая газета - Казахстан

Новости науки Казахстана

Орталық Қазақстан

Өркениет

Парасат

Простор

Saqshy

Сарбаз

Смешарики

Сөз өнері

Спорт жұлдыздары

Таң-Шолпан

Тілашар. Түзету педагогикасы / Логопед. Коррекционная педагогика

Толока. Волшебный

Тұран-Түркістан

Үкімет бюллетені / Правительственный бюллетень

Үш қоңыр

Ұлан

Ұлы дала

Ұстаз

Urker

Forbes Kazakhstan

Forbes Kazakhstan

Хан талапай АБС

Шыңғысхан

Юридическая газета

ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2023

 


«Тарих. Тұлға. Тағдыр» жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарий жинағы [Мәтін] (Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасының жұмыс тәжірибесінен): II шығарылым / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы; құраст. Н.Қ. Каленова, Ж.И. Катаева; компьютерде беттеген Ж.И.Катаева. – Қарағанды, 2023. – 49 б. 

 

Жинаққа әр түрлі оқырмандар тобына арналған Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих. Тұлға. Тағдыр» атты жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарийлері енгізілген.

 

https://www.calameo.com/read/0075091957bd92c73c546




16 сәуірде Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Кітапханалық қызмет көрсету: сапа мен қолжетімділікке бағдарлар» маман күні өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 26 кітапханашысы қатысты.

Әріптестер үшін Жайық Бектұров атындағы музей – кабинетке және «Кітапхана: кеше және бүгін»  атты кітапхана тарихына экскурсия өткізілді.

  Мамандардың назарына кітапхана қорынан «Жастар аумағы» жаңа басылымдарының экспозициясы, «Бір ел-бір кітап» кітап көрмесімен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

 Кітапхана басшысының орынбасары Н.Ф. Шмойлова іс-шараны ашып, осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, барлығына жемісті жұмыс тіледі.

 Бағдарлама аясында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету: жаңа шындық» тренингі, «Кәсіби баспадағы әлем» кітапханалық баспа басылымдары мен онлайн-ресурстардың дайджесті тақырыбында баяндама жасады.

 «Bekturov' s Brain Battle»:  ойын брендингіне кіріспе» интеллектуалды ойын форматында қатысушыларға кітапханалық-библиографиялық білімді жастар арасында қалай насихаттауға болатындығы көрсетілді.

Маман күні барысында колледж кітапханашылары Қарағанды облысы колледждерінің кітапханашылары ОӘБ төрағасы А. Ж. Сүлейменова ұсынған «Оқырман колледжі» жобасын іске асыру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру арқылы құндылықтарды сіңірудің қорытындылары және мониторингімен танысты.

«Заманауи оқырманға - заманауи кітапхана» баяндамасында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі С.С. Шоменбаева өз кітапханасын жаңғырту, компьютерлік технологияларды енгізудегі табысты тәжірибе, «Ирбис 64+»ААЖ туралы айтып берді.

Іс-шара соңында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Т.М.Баймағанбетова сұрақ-жауап сессиясында кездесуді қорытындылады, сондай-ақ кітапханашылар облыс колледждеріне мамандардың көшпелі күндері бойынша өз ұсыныстарын ұсынды. 

https://www.instagram.com/reel/DIiif1zoILZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==