«Бір ел – бір кітап-2020» республикалық акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімімен 2020 жылы бүкілхалықтық оқуға екі танымал жазушының шығармалары: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай арнайы таңдалды.
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылық, сонымен қатар қазақстандық қоғамның интеллектуалды және рухани дамуына ықпал ету.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқы көркем әдебиетінің, шешендік өнерінің, ұлттық ойының үлгісі, суреткер-жазушы, драматург, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері.
Автор жиырмадан астам роман, көптеген әңгімелер, повестер мен пьесалар жазды. Оның шығармашылығының шыңы – 1942-1956 жылдары жарық көрген төрт томдық «Абай жолы» романы. Роман төрт кітаптан тұрады. Роман-эпопеяда автор XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамын, рулар мен таптар күресін, қысымшылыққа қарсы наразылықты, бостандықты сүйетін қазақ халқының жанының кеңдігі мен сұлулығын, жақсылықты армандаған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін суреттейді. Автор гуманист және ойшыл Абайды жан-жақты қоғам қайраткері ретінде ашады. Қазақ халқының тарихында ақын сөзсіз моральдық билігі бар ұлттық күрескер ретінде, ескірген патриархалды-рулық дәстүрді өзгертуге тырысып, халқының жарқын болашағына сенетін, өзінің моральдық-этикалық көзқарастарының көптеген ізбасарларын өсірген тұлға ретінде есте қалады. Роман дәуір бейнесін көрсететін жарқын тілде жазылған.
«Абай жолы» роман-эпопеясы – ұлы шығарма, ол әлемдік әдебиеттің қазынасына еніп, дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылды.
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауын да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы. Егер «Абай жолы» эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса, оның әрбір кітабы Абайдың рухани-адамгершілік жетілуінің белгілі бір кезеңін бейнелейді.
Әнуар Әлімжанов (1930-1993 ж.) – Алматы облысы Сарқант ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Қоғамдық және саяси қайраткер, атақты қазақ жазушысы, журналист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың және «Лотостың» лауреаты.
Ә.Әлімжановтың қызметі қатардағы журналистен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысына дейін өсті. Оның романдары, повестері, әңгімелері, очерктері әртүрлі тақырыпта және әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Жазушы өткенге де, бүгінге де тоқталады.
Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты еңбегі орта ғасырларды, Орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларын көрсетеді. Кітап әл-Фарабидің өз үніндей мазмұнға ие. Арнайы бөлімінде ойшылдың «Бақытқа жету жолын көрсету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар» секілді үзінділер келтірілген. Сонымен қатар, кітапта энциклопедист-ғалымның рухани келбетін ашатын, оның жұмысының қыр-сырын, әл-Фарабидің прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың дамуындағы маңызы және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны туралы мақалалары келтірілген.
Шығармалары
Әлімжанов, Ә. Жаушы [Мәтін] : роман / Ә. Әлімжанов ; ауд С. Мұратбеков. - Алматы : Жазушы, 1976. - 320 б. : сур.
Әлімжанов, Ә. Көгілдір таулар [Мәтін] : повестер / Ә.Әлімжанов; орыс. ауд. С.Мұратбеков. - Алматы : Жалын, 1982. - 380 б.
Әлімжанов, Ә. Көгілдір таулар [Мәтін] : повестер / Ә. Әлімжанов; ауд. С. Мұратбеков. - Алматы : Жазушы, 2002. - 176 б. - (Мектеп кітапханасы)
Әлімжанов, Ә. Махамбеттің жебесі [Мәтін] : роман / Ә. Әлімжанов. - Алматы : Жазушы, 1970. - 439 б.
Әлімжанов, Ә. Отырардан жеткен сый [Мәтін] : повестер / Ә.Әлімжанов ; ауд С. Мұратбеков. - Алматы : Жазушы, 1974. - 304 б. : сур.
Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы. Жаушы. Махамбеттің жебесі [Мәтін] : романдар / Ә.Әлімжанов ; ауд: С. Мұратбеков, Т. Жанұзақов. - Алматы : Жазушы, 1981. - 544 б.
Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы [Мәтін] : повесть / Ә.Әлімжанов // Мұратбеков С. Шығармалары : [бес томдық шығармалар жинағы] / С. Мұратбеков ; құраст. Қ. Мұратбекова. - 5 т. : Аудармалар. - Алматы : Ан Арыс, 2013. - Б.7-190.
Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы [Мәтін] : роман мен повестер / Ә. Әлімжанов ; орысшадан аударған С. Мұратбеков. - ЖК «RS» ; Халықаралық Абай клубы, 2013. - 312 б. – (Жетісу кітапханасы, Ұлы ақын-жазушылар мен ойшылдар аллеясы, "Аманат" журналының кітапханасы. Проза I-XXI ғғ.)
***
Әлем таныған Әнуар [Мәтін] : естеліктер жинағы / құраст. Ғ.Қабышұлы. - Алматы : Нұрлы Әлем, 2000. - 192 бет.
Бейісқұлов, Т. Әнуар Әлімжанов туралы бірер сөз.. [Мәтін] / Т. Бейісқұлов // Жұлдыз. - 2010.—№ 8. - Б. 152 - 158 .
Досанов, С. Қаламсыз ғалам жоқ [Мәтін] / С. Досанов // Егемен Қазақстан. - 2010.-28 желтоқсан.– Б. 7.
Жақсыбаев, А. Ұлттық намыстары еді [Мәтін] / А. Жақсыбаев // Қазақ әдебиеті. - 2010.—№ 48-49. –Б.12.
Жұмагелдіқызы, А. Тарихты зерттеуге басқаша көзқараспен кіріскен - Мұхтар Мағауин, Әнуар Әлімжанов [Мәтін] / А. Жұмагелдіқызы // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2017.—№ 5. - Б. 35-40.
Қабышұлы, Ғ. Әнекеңнің айыбы не? [Мәтін] / Ғ. Қабышұлы // Егемен Қазақстан. - 2019. - № 22. - 3 ақпан. - Б.9.—Сілтеме [Электрондық ресурс].-URL: https://abai.kz/post/104471
Қамзин, К. Азаттық аңсаған азамат [Мәтін] / К.Қамзин // Eгемен Қазақстан. - 2010. – 12 мамыр.—Сілтеме [Электрондық ресурс].—2019.—14 қантар. - URL : https://abai.kz/post/14242
***
Алинова, М. Әуезовті қамаудан құтқарған жазушы [Электрондық ресурс].—2019.—14 қантар.—URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/20154
Білел, Қ. Әнуар әлемі [Электрондық ресурс] / Қ.Білел.—2010.—6 мамыр.—URL: anatili/kazgazeta/kz/ ?p=3956.
Дәуір биігінен [Электрондық ресурс].— 2013. - 21 қараша. — URL: https://el.kz/news/archive/content-29987