Әлемге әйгілі америкалық жазушы Джек Лондонның туғанына 150 жыл толуына орай кітапханада «Бақытқа жету үшін күрес қажет пе?» тақырыбында әлемдік әдебиет әуесқойларының «Famous Books» клубының отырысы өтті.
Жасөспірім оқырмандар арасында жазушының «Мартин Иден» шығармасын талдады. Нәтижесінде өмірдің қандай сынақтары кездессе де, бақытқа жету жолында күресу әрдайым маңызды деген ортақ тұжырым жасалды.
Кітап клубының қонақтары – жас қарағандылық ақын Вероника Гуссер мен музыкант Александр Корябин оқырмандардың көптеген сауалдарына жауап беріп, өз шығармаларын ұсынды және ұлы қаламгердің шығармашылығы туралы көзқарастарымен бөлісті.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2006-13-a-tar-2026#sigFreeId36bbd49316
