15 қаңтар күні қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист, драматург қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушылардың бірі Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына арналған «Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүрген Медеу Сәрсеке» атты әдеби-ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында № 97 гимназиясы оқушылары Медеу Сәрсекенің жазушының өмірі мен шығармашылығын видео-үзіндіден тамашалады. «Wordwаll» бағдарламасы бойынша құрастырылған викторина сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар жазушының өшпес туындыға айналған шығармаларымен танысты. М.Сәрсекенің «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын», «От және атом» сияқты фантастикалық повестері, «Жаңғырық», «Көмбе» романдары, Қаныш Сәтпаев, Ебіней Бөкетов, Ермұхан Бекмаханов туралы ғұмырнамалық еңбектері баға жетпес қазына.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2010-15-a-tar-2026#sigFreeId552822f860
