11 қаңтар күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында балаларға қызмет көрсету бөлімінде Махамбет Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» атты әңгіме өткізілді. Іс-шараға «Бәйтерек» балалар шипажайының 5-6 сынып оқушылары қатысты.

Іс -шараны жүргізуші, оқу залының кітапханашысы Жақыпова Гүлімжан Рымханқызы, өзінің отты поэзиясында дәуірдің рухын бейнелеген жалын шежіреші, ержүрек батыр Махамбеттің шығармашылығына тоқталды.  Бұл іс-шара балаларға қызмет көрсету бөлімінің   оқырмандарын  қазақ халқының ұлы батырлары жайлы  таныстыратын әңгімелер циклінің жалғасы болды.

Махамбет Өтемісұлы И. Тайманов басшылығымен өткен халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ақын өлеңдерімен және өз беделімен халықты  патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны.  Көптеген оқушылар Махамбеттің өлеңдері мен лирикасын жатқа біледі.

Іс-шарада Махамбет Өтемісұлы шығармаларына арналған «Ел қорғаған ер бабам» атты виртуалды кітап таныстырылымы көрсетілді. Оқушылар сұрақ - жауап сайысына қатысты.