Балаларға қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу жолдары» атты Жолдауына арналған «Жолдау – дамудың жаңаша жолы» тақырыбындағы тұрақты түрде жұмыс істейтін кітап көрме-факті ұйымдастырылды.

Мақсаты: жас оқырмандарды жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуіріндегі Қазақстанды дамытуға бағытталған ҚР Президенті Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстыру.

Көрмеде еліміз үшін маңызды құжаттың негізгі бағыттарын айқындайтын кітаптар, мерзімді басылымдар және өзге де ақпараттық материалдар ұсынылған.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді «Жолдау – дамудың жаңаша жолы» атты көрмемен танысуға шақырамыз.