27 қаңтар күні балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Жас оқырман» клубының «Ертегілер әлемінде» циклі аясында «Карамелька» дамыту орталығының балаларына «Үш аю» ертегісін дауыстап оқып берді. Кітапханашы ертегіні еркін әрі мәнерлеп оқығаннан кейін, балалармен бірге шығарманың сюжеті талқыланды,кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасап, өз ой пікірлері мен әсерлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында балаларға кітап-пазлдар ұсынылып, оларды қызығушылықпен және үлкен қуанышпен құрастырды. Бұл тапсырма балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2025-27-a-tar-2026#sigFreeId101f949447
