Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған БОТА жастар интелллектуалді орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 21 күні сағат 15:00-де Қарағандының 85 жылдығына орай «БОТА жастарды шақырады» атты мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш іс-шара мекеме басшысы Нұргүл Қасымханқызы жастарға ақ жол тілеп, ізгі тілегін білдірді. Кеш жүргізушілері: Манап Ерғали, Каменова Жансая. Іс-шара барысында БОТА жастардың интелектуалды орталығы туралы мәліметтер айтылды. Интелектуалды орталық тарихынан бейне жазбалар көсетіліп, атқарылап жатқан рухани игіліктер паш етілді. Кешімізде   Жазушылар одағының мүшесі, ақын осы орталықтан шыққан  Салтанат Смагулова, Кәмшат Хасен, Салтанат Қайырбек, Жәлел Қуандықұлы, Жәнібек Әлиман, Рауан Қабидолдин, Ерік Сейсенұлы, Әйткен Жоламан мен Бек Ноғайбайұлы БОТА жастардың интеллектуалды орталығының қатарына енді келіп қосылып жатқан мүшелеріне жылы лебіздерін білдіріп, өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Жас БОТАлықтар да қалыс қалмады. Атап айтқанда: Қуандық Нұрбану, Серікболқызы Әсемгүл, Сайлаубекова Нұрәсем, Серікқызы Сымбат, Бақытұлы Жандос, Тажиева Халима, Қарабек Айгерім мен Алшымбеков Нұрхан үлкен ағаларымыздың өлеңдерін оқыды. Домбырасын жанына серік еткен Көрпешова Айқаным  «Дайрабай» күйімен елді өзіне қарата білді. Сұңқар «Іздеме» әнін шырқап, «Жарқын» би ансамбілінің қыздары өздерінің мың бұралған билерімен, Нариман мен Жайдардың орындауында М.Тоқмырзаның әзілдерінен кішігірім қойылым қойып кештің сәнін кіргізді. Кешіміздің қонағы болып келген Әйткен Жоламан Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының атынан «БОТА» жасөспірімдер интелектуалды орталығының ұжымына құттықтау хатын ұсынды. Сонымен қатар «ULAGAT» шығармашыл жастар клубы да өздерінің құттықтауларын ұжымға арнады.

Концерттік бағдарламадан кейін БОТА жастар интеллектуалды орталығының ресми отырысы болды. БОТА орталығы ешкімді мамандыққа бөлмейді, қайта рухани бірлікті ту етіп, тәуелсіз елдің ертеңі үшін еңбек етеді.