Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан халқының ортақ құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске асыруда. «Қазақтану» жобасының басты мақсаты жастарды қазақ халқының құндылықтары, әсіресе тұңғиық тарихын насихаттауға, дәріптеуге кеңінен тарту.

18-22 қараша аралығында Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысының сакралды жерлерін зерттеу мақсатында «Өз еліңді таны» – «Познай свою страну» атты республикалық жастар экспедициясы өтуде. «Өз еліңді таны» республикалық жастар экспедициясына еліміздің барлық аймақтарынан 170 адам қатысады. Оларға елорданың мұражайларында тұлғалармен «Өз еліңді біл» мотивациялық кездесулері өтеді. Кездесу барысында викторина және Қазақстан тарихын білуге арналған квест ойыны ұйымдастырылады. Екі күннің ішінде экскурсия барысында елорданың қасиетті жерлеріне барумен қатар гидтердің сүйемелдеуімен қаланың сакралды жерлеріне экскурсия ұйымдастырылады.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жас маманы Ықыласов Бек Ноғайбайұлы мен «БОТА» интеллектуалды жастар орталығының белсенді мүшесі Ахмет Нариман Серғазыұлы бұл экспедиция жұмысына қатысуда.