10 қаңтар күні балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, балалар ақыны Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерей тойына арналған «Қазақтың Қадыры» республикалық он күндігінің аясында «Атамекен» өлкетану клубының мүшелері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты әдеби дастархан ұйымдастырды.

Шара барысында балалар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін оқып, «Атамекен» әнін орындады. Кеш қонақтары Қарағандының ардагер журналистері Жанғожин. А.Ж., Жанысбай.С.Ж. оқушылармен өз ойларын бөлісті. Балаларға «Қызыл кітап» жинағынан Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері жазылған бейнефильм көрсетілді.

Іс - шараның соңында кітапханашы «Зерделі жырдың зергері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.