ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2010

 


Мәди Бәпиұлы [Электрондық ресурс]: мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.  Н.К.Каленова ; жауапты ред. Г.Ә.Бекбалакова; компьютерде беттеу және дизайн Д.А.Татагулов. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2010. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Мемлекеттік тілдегі оқу құралы PowerPoint бағдарламасында жасалған бейнематериалдарды, электрондық көрмені, ноталарды, өлең мәтіндерін, фото-галереяны, сценарийлерді, pdf форматындағы мақалаларды, библиографияны және т.б. материалдарды қамтиды.



Азат елдің Ата Заңы [Электрондық ресурс] : әдістемелік құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: О.Н.Волкова, Р.Р.Казтаева, С.Б.Койшубаева; ред. В.В.Мальгаждарова; жауапты ред. Г.Ә.Бекбалакова; компьютерде беттеу және дизайн Д.А.Татагулов. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2010. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Оқулықта қазақ және орыс тілдерінде адам құқықтары жөніндегі құжаттардың мәтіндері pdf форматында, Мемлекет рәміздері, оларды насихаттау, Адам құқықтары туралы презентациялар, әдістемелік құралдар, сценарийлер, ұрандар, адам құқықтарының Дүниежүзілік декларациясы туралы «Живая Декларация» мультфильмі, «Жасампаздық құжаты» виртуалды көрмесі және т.б. материалдар ұсынылған.




Есірткісіз әлем [Электрондық ресурс] : әдістемелік құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст.: О.Н.Волкова, Р.Р.Казтаева, С.Б.Койшубаева; құраст. және ред. В.В.Мальгаждарова; жауапты ред. Г.Ә.Бекбалакова; компьютерде беттеу және дизайн Д.А.Татагулов. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2010. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Оқу құралына: «Есірткісіз қала - келешек кепілі» (2009 ж.) облыстық жастар байқауы жеңімпаздарының әңгімелері, өлеңдері кірген «Сәлем, әлем!» альманахы, оқырман жастар бірлестіктері арасындағы «Есірткі – болашаққа төнген қара бұлт» (2010ж.) облыстық байқауы туралы ереже; есірткіге қарсы насихатты ұйымдастыру бойынша кітапханаларға ұсынымдар; бейнероликтер және басқа да материалдар енгізілген.