2018

26 сәуірде Ж.Бектұров атындағы ОЖК қызметкерлері В.Ф.Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен (Ресей федерациясы) ұйымдастырылған  «Эстафета поколений» атты облыстық семинардың  «Креатив-технологии в библиотечном краеведении» блогына online-тәртібінде қатысты. Семинар Қорған облысының 75-жылдығы мен Комсомолдың 100-жылдығына арналып ұйымдастырылды. Семинар жұмысының басты бағыты – кітапханалардың өлкетану жұмысы мен тарихи естеліктерді сақтау және ұрпақтардың бірізділігін нығайту жұмысы болып белгіленді.

2001 жылы біздің кітапханаға жазушы, ақын, публицист, аудармашы Жайық Кагенұлы Бектұровтың есімі берілді және кітапханада Ж.Бектұровтың  кабинет – мұражай ашылды. Қуғын-сүргінге ұшыраған жазушының мемориалды мұражайының ашылуы кітапханамызға ерекше мәртебе беріп, кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірін анықтады – тоталитаризм зардабының тақырыбын ашу.  

Қорған қаласынан сұхбаттасуға қатысқан әріптестерімізбен Ж.К.Бектұров атындағы мұражайды құру, қойылымдар мен қорды ұйымдастыру, әдебиетшінің өмірі мен шығармашылығын жастар ортасында насихаттау, қызметкерлердің зерттеу жұмысының тәжірибесімен бөлістік. Мұражай туралы бейнероликтер көрсетілді, «Дәнекер» цифрлық мұрағатының электрондық кітапханасы ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері жасаған баяндамада жазушының аты берілген кітапхана атақты тұлғаның шығармашылық мұрасының мәдени және оқырлық тағдыры үшін үлкен жауапкершілікті көтеретіндігіне ерекше екпін қойылды.

Әріптестеріміз Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жазушының мұражайын құру тәжірибесі 2017 жылы жазушы  Виктор Федорович Потаниннің есімі берілген  Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қажетті болады деп тұжырымдады.  

Кітапханалар жанында ерекше, айрықша маңызды, тақырыптық мұражайлар ашылып жатыр. «МЦБ Лебяжьего района» балалар кітапханасы  директорының орынбасары  Е.Г.Самсонованың кітапхананың ерекше таңбасы - аққу мұражайы туралы баяндамасы кітапханашыларымызды қызықтырды.  

Шетел әріптестерімізбен іt-технологиялар арқылы ұйымдастырылған семинарлар кітапханалар тәжірибесімен танысуға, ақпаратпен, жаңа тәжірибелік жұмыстармен  бөлісуге, өзара байланыстарды нығайтуға және келешек өзара әріптестіктің бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

2017

26 және 27 маусымда Ақтоғай және Шет аудандарының ОКЖ кітапханашыларының біліктіліктерін көтеру мақсатында «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ қызметкерлері - басшының орынбасары Волкова О.Н., ақпараттық-библиографиялық бөлімнің басшысы Ярцева Э.К., жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің маманы Жұмағұлова М.Т. «Кітапханалар аймақтық әлеуметті-мәдени кеңістіктің бір бөлігі ретінде» - «Библиотеки как часть социокультурногопространства региона» тақырыбымен көшпелі семинарларды өткізді.

Ярцева Э.К. «Пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсетудің заманауи бағыттары» тақырыбына баяндама жасады. Библиографиялық қызмет көрсету түрлері, библиографиялық материалдарды құру жөніндегі кітапханалардың баспа қызметі мәселелеріне ерекше көңіл аударылған. Баяндаманың соңында тақырыпқа байланысты кеңес берілді.  

Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетану жұмысын белсендірудің маңыздылығын көрсетуге бағытталған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», атты бағдарламалардың іске асыруы мәлімделінді.  

«Кітапханадағы өлкетану жұмыстарының маңызы» тақырыбы бойынша жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің маманы Жұмағұлова М.Т. сөз сөйледі.

Өзінің баяндамасында ол Ж.Бектұров атындағы ОЖК қолданылатын өлкетану жұмыстарының түрлерін ұсынды. Осындай іс-шаралардың бірі – Жасөспірімдерге арналған кітап апталығының аясында өткізілген «Где? Где? В Караганде!» атты өлкетану квест-ойыны болды.

Ярцева Э.К. іздестіру квест-ойындарының түрлерімен, ойынның бағыты мен әдістерімен таныстырды. Содан кейін семинарлар қатысушыларына жергілікті өлкетану материалдарының негізінде квест-ойынды құрастыруға тапсырма берілді.  

Жұмағұлова М.Т. «Жастардың республикалық әдеби эстафетасы «Керуен «БОТА». «Әдеби алаң» шығармашылық алаңы» тақырыбындағы баяндаманы ұсынды. Баяндама барысында «БОТА» ЖИО туралы бейнеақпарат көрсетілді,. Шет ауданының Ақсу-Аюлы поселкесінде орталық аудандық кітапхананың қызметкері, «БОТА» ЖИО белсенді мүшесі Берікбол Амангельдин сөз сөйледі.

ОКЖ басшыларына «Керуен «БОТА» жастардың республикалық әдеби эстафетасына қатысушылардың сертификаттары мен орталықтың белгісі – бота ойыншығы берілді.  

Волкова О.Н. «Кітапханалардың жобалық қызметі» тақырыбына ақпарат жасады.

Семинарлар барысында Ақтоғай және Шет аудандарының ОКЖ қызметкерлері өз жұмыстары туралы баяндап берді.

Шет ОКЖ орталық аудандық кітапханасы шілденің 26-сында поселкенің тұрғындарына арналған байқаулар, сұрақ-жауап сайыстары, марапаттаулар енген Түнгі кітапхана іс-шарасын ұйымдастырды. Ж.Бектұров атындағы ОЖК қызметкерлері ойындарға белсенді қатысты. 

  


 

Мамырдың 26-сында кітапханада «Кәсіби құзыреттілік: мақсатқа жетудің құралдары»(психологиялық аспект) - «Профессиональная компетентность: инструментарий достижения цели» (психологический аспект) семинар-тренингі өтті.

Семинар бағдарламасы қызықты әрі тартымды болды. 

Семинардың модераторы - басшының орынбасары Ольга Николаевна Волкова құттықтау сөз кезегін кітапхана басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызына берді.

 Келген қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып, Н.Қ. Каленова семинардың барлық қатысушыларына нәтижелі жұмыс тілеп, семинардың алғашқы баяндамасын "Кітапханашының кәсіби құзыреттілігі – кітапханада тиімді қызмет көрсету кепілі" ұсынды. Баяндамада Н.Қ.Каленова кәсіби құзыреттіліктің күрделі мәселелерін белгілеп, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Содан кейін кітапханашылар Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының өңірлік даму бойынша Вице-Президенті,«EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры Бейсембаев Ғани Бектайұлы өткізген «Кітапханашы – психолог: жаңа мүмкіндіктер көкжиегі» тренингіне қатысты.

Семинар қатысушылары белгілі психологтың баяндамасын үлкен ықыласпен тыңдады. Бір жарым сағаттың ішіндекітапханашылар көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Психологияны оқырмандармен қарым-қатынаста қалай пайдалауға болады? Экстраверт пен интроверттің айырмашылығы неде? Адамның бейімділігі оның өмірінде қандай рөл атқарады?  Кітапханашылар зейін қою тренингтеріне қатысты. Бұл облыс кітапханашыларының Ғ.Б.Бейсембаевтың баяндамасынан алған қызықты және пайдалы ақпараттың толық тізімі емес. 

Кофе-брейкке кішігірім үзілістен кейін Қарағанды қаласының  № 3 поликлиникасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологыКарыбаева Светлана Христофоровна «кәсіби тыңдау өнерінің» құпияларын ашты. Тыңдай алу қабілеті – ерекше дарындылық. Кәсіби тыңдау бірлесіп тиімді әрекеттесуге жағдай жасайды, өйткені  адам әңгімелесушінің ықыласына бөленіп, онымен бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. 

Қорған облыстық жасөспірімдер кітапханасының оn-line қосылуымен бірге психолог Талля Ольга Александровна «Библиотека + психолог = отличный результат» баяндамасын жасады. Ол ҚОЖК жиырма жыл ішіндегі психологиялық қызметтің тәжірибесі туралы әңгімелеп берді. Психологиялық кеңес беру, түзету-дамыту сабақтары, тренингтер, «денсаулық және көтеріңкі көңіл күй» кабинетіндегі релаксация сеанстары, клубтар жұмысына қатысу және жобалық жұмыс, әдістемелік және баспа жұмысы – осындай мәселелермен ҚОЖК психологы семинар қатысушыларын таныстырды. Бандама барысында фото-тұсаукесер ұсынылды.

Мурзатаева Бахыт Қазбекқызы, жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, өлкетану іс-шараларын өткізу жөніндегі тәжірибемен бөлісті. Баяндама барысында көркем тұсаукесер көрсетілді. Семинар қатысушыларын жасөспірімдерге арналған кітап апталығының аясында өткізілген «Где? Где? В Караганде!» квест-ойны туралы әңгіме ерекше қызықтырды.

Жаңартпашылық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Алдонғарова Гүлнар Мухтарқызы «Шеберлікке жол» баспасөз дайджестін ұсынды. Ол қаржыландырудың жетіспеушілігі жағдайында кітапханашылардың кәсіптік баспасөзде қажеттіліктерін қандай сайттар мен ақпараттық порталдарда толықтыруға болады деген ақпаратпер таныстырды. Баспасөз-дайджест барысында сайттар мен деректер қорлары тізімі берілген тұсаукесер ұсынылды.

Семинардың соңыңда «Кітап аукционы» өткізілді. Бұл іс-шарада әрбір қатысушының өзі бұрын оқыған кітапты басқалардың оны оқығысы келетіндей етіп, қызықты ұсынуы қажет болды. Ең көп дауыс алған қатысушы жеңімпаз болып есептелді.

«Кітап аукционына» алты кітапханашы қатысты:

Теміртау қ. ОКЖ, Петрухина Надежда Алексеевна - Дейл Карнеги "Прихоти удачи",

Саран қ. ОКЖ, Панкратова Татьяна Алексеевна - Сұлтанмахмут Торайғыров "Қамар сұлу";

Шет ауданының ОКЖ, Амангельдин Берікбол Дәулетович - Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»;

- Абай ОКЖ, Бакирова Сабина Ришатовна - Харуки Мураками "К югу от границы, на запад от солнца";

Бұқар жырау ОКЖ, Масалова Мария Николаевна – Сайын  Мұратбеков "Жұсан иісі";

- Нұра ОКЖ, Нуртазина Светлана Романовна - Сидней Шелдон "Интригантка".

Дауыс беру нәтижелері боынша Шет ауданының ОКЖ Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» кітабы бойынша буктрейлері жеңіп шықты.

Шараның осындай түрі семинарда апробациясын өтіп, қатысушылардан жағымды баға алып, кітап оқуды басқарудың ерекше түрі ретінде ұсынылды.

Семинардың барысында әріптестердің ашық сұхбаттасуы өтті. Кітапханашылар күрделі мәселелерді талқылап отырып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Қорған облыстық жасөспірімдер кітапханасының оn-line қосылуы мен психолог Талля Ольга Александровнаның баяндамасынан кейін семинар қатысушылары кітапхана штатында кәсіпқой психологтың болғаны дұрыс екендігін айтты. Бірақ осы идеяны жүзеге асыру үшін көптеген мәселелерді шешу қажет: психолог жұмысын әдістемелік басқару, кадрлар мәселесі. Семинар модераторы Волкова О.Н. ҚОЖК-нан кеңес алуды ұсынды, өйткені Қорған қ. кітапханасында психолог бірлігі жиырма жыл бойы штатына енгізіліп тұр. Сөйтіп, Қорған облыстық жасөспірімдер кітапханасымен Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қатынастары жалғастырылады. Оған қоса екі жасөспірімдер кітапханасының халықаралық ынтымақтастары жөнге салынды.

Шараның соңында барлық қатысушылар сертификаттармен, алғыс хаттарымен марапатталды. Семинар тақырыбына үлестірме материалдар таратылды.