Кітапхананың құрылымы

Жазылу және бақылау бөлімшесі

Бөлімше оқырмандарды құжаттары бар жағдайда кітапханаға автоматтандырылған жүйе арқылы жаздырады.  Оқу орындарымен (Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары, колледждері) студенттерге қызмет көрсету бойынша шарттар жасасады, каталогтармен (дәстүрлі және электрондық) жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Кітапханаға түсетін мерзімді басылымдарды авторландырылған жүйемен тіркейді.

Бөлім басшысы: Ахметова Гуляйым Нарымбаевна

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: karaganda_oub@mail.ru

Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі

Бөлімнің құрылымы:

  • Оқу залы;
  • Абонемент;
  • Мультимедиялық басылымдар, өнер бойынша әдебиет және мерзімді басылымдар залы

Бөлім 15 жастан үлкен оқырмандарға жедел кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Оқырмандар қызығушылығын дамытуға жағдай жасайды, жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуіне және кәсіпке бағдарлануына көмек көрсетеді. Қорлар байлығы кітап көрмелері, жаңа түсімдердің көрме көріністері безендіріліп, тұсаукесерлер ұйымдастырылып, оқырмандар назарларына ұсынылады. Оқырмандарға әртүрлі әдебиет ұсынылады. Жасөспірімдерді және жастарды тәрбиелеуде бөлім жастар ұйымдарымен, мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен, колледждермен, мектептермен өз жұмысын үйлестіреді.

Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «FAMOUS BOOKS» әлем әдебиетін әуесқойлар клубы жұмыс істейді. Клуб жұмысының аясында оқу кештері, тұсаукесерлер, кездесулер ж.т.б. шаралар өткізіледі. Құрылған жылы: 2014.

Бөлім басшысы: Мурзатаева Бахыт Казбековна

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Балаларға қызмет көрсету бөлімі

Бөлімнің құрылымы:

  • Оқу залы;
  • Абонемент

Бөлім мектепке дейінгі балаларға және мектепте оқитын балаларға (6-14 жастағы балалар), балалар оқуының жетекшілеріне сұраныстарын, қызығушылықтарын және талаптарын еске ала отырып, қажетті әдебиетпен қамтамасыз етіп, кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырмандар қызығушылығын дамытуға жағдай жасайды, балалардың бос уақыттарын пайдалы және қызықты өткізуді ұйымдастырады, балалар ұйымдарымен, мектептермен өз жұмысын үйлестіреді

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде оқырмандардың қызығушылықтары бойынша келесі клубтар жұмыс істейді:

  • «Жас оқырман» - «Юный читатель» клубы. Клуб мүшелері  - 2-4 сынып оқушылары. Құрылған жылы: 2011.
  • «Атамекен» - «Родина» клубыКлуб мүшелері – 5-7 сынып оқушылары. Құрылған жылы: 2011.

Клубтар жұмысының мақсаты – қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру, бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау. Клуб мүшелері кітапханада ұйымдастырылған әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып отырады.

Бөлім басшысы: Фахрутдинова Мадина Харбингалиевна

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесі

Ж.К. Бектұровтың кабинет-мұражайы

Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесіне Жайық Бектұровтың мемориалды кабинет-мұражайы мен оқу залы кіреді. Оқу залында оқырмандар назарларына Ж.К.Бектұровтың жеке кітапханасынан кітаптар, досье-папкалар ұсынылады. Ж.Бектұровтың қызметін насихаттауды жетілдіру мақсатында бөлімше қызметкерлері жазушының шығармашылық мұрасын зерттейді. Мұражай жәдігерлерін есепке алу, сақтау және қалпына келтіру жұмыстарын атқарады. Экспозициялық-көрмелік жұмыстарды, жеке және топтық экскурсияларды ұйымдастырады. Ғылыми конференциялар мен семинарларға, тұсаукесерлерге, байқаулар мен мәдени акцияларға қатысады.

«Дәнекер» цифрлық мұрағатының электрондық кітапханасы

Қарағанды облысы бойынша жиналған материалдар бойынша тақырыптық тарихи цифрлық жинақтамалар негізінде мәдени мұраны, тарихи және мәдени ескерткіштерді, ұлттық мәдени игілік объектілерін, мұражай артефакттарын сақтау мақсатында Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы  «Дәнекер» цифрлық мұрағатының электрондық кітапханасын жасады. «Дәнекер» ЦМЭК ішіне Қарағанды облысының Мемлекеттік мұрағатының, Жезқазған қаласының Мемлекеттік мұрағатының, Жаңа арқа, Осакаров, Нұра аудандары мұражайларының, Ж.К.Бектұров атындағы кабинет-мұражайының өлкеміздің тарихы жөніндегі сирек кездесетін сканерленген материалдар енгізілді. Барлық материалдар электрондық құралдарда – букридерлерде ұсынылады (book-readers). Құрылған жылы: 2010.

Бөлім басшысы: Шпанова Жанат Рымкуловна

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: karaganda_oub@mail.ru

 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім оқырмандарға анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бөлімнің жұмысы дәстүрлі және автоматтандырылған тәртіпте  кітапхананың ақпараттық-іздестіру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Кітапханалық-библиографиялық білімдерді насихаттау жұмысын ұйымдастырады. «Параграф» құқықтық жүйесінің және «Заң» деректер қорының көмегімен  құқықтық ақпаратты іздестіреді. Ақпараттық-библиографиялық материалдарды дайындайды және шығарады. «ИРБИС 64» автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі мақалаларының электрондық картотекасын жүргізеді.

Бөлім басшысы: Ярцева Эльмира Каратаевна

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімі 

Бөлімнің негізгі мақсаты – кітапхананы, оның қорлары мен мүмкіншіліктерін көпшілік жұмыстың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, облыстық жасөспірімдер кітапханасының жағымды бейнесін қалыптастыру арқылы насихаттау. Бөлім оқу орындарымен, мәдениет және өнер мекемелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастар ұйымдарымен, қоғамдық қорлармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

 Бөлім жанында «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығы жұмыс істейді. Құрылған жылы: 1996. «БОТА» ЖИО-ының мүшелері көпшілік іс-шараларды, клуб отырыстарын, әртүрлі акцияларды өткізуге белсене тартылады. Сондай-ақ, бөлімнің жанында «Қазына» әдеби салоны, «Жас азамат» пікірсайыс клубы жұмыс істейді, «БОТА-Эрудит», «Бақытты сәт», «Бiлiмпаздар» зияткерлік ойындары ұйымдастырылады.

Бөлім басшысы: Шмойлова Надежда Федоровна

Байланыс телефоны: 8(7212) 430704;  e-mail: nThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Жаңартпашылық-әдістемелік бөлім

Жасөспірімдерге қызмет көрсететін облыс кітапханаларына заманауи жаңартпашылық әдістер мен тәсілдерді меңгеріп алуда әдістемелік және тәжірибелік қызмет көрсетеді.  Кітапханашылардың біліктіліктерін көтеру мақсатында семинарларды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды және басқа іс-шараларды өткізеді. Баспа қызметін атқарады, әдістемелік, әдістемелік-библиографиялық құралдарды әзірлейді және шығаруға дайындайды. Бөлімнің анықтамалық-библиографиялық аппаратын, «Әдіскер» электрондық картотекасын жүргізеді.

Бөлім басшысы: Алдонгарова Гульнар Мухтаровна

Байланыс телефоны: 8(7212) 430704;  e-mail: g.aldongarova@mail.ru

 

Әдебиетті іріктеп жинақтау және өңдеу бөлімі

Кітапхана қорын және мерзімді басылымдар қорын толық және жедел жинақтауды қамтамасыз етеді. Іріктеп жинақтаудың көздері кітап сатушы ұйымдары, мемлекеттік тапсырыс, «Қазпошта» АҚ болып табылады. Өз жұмысын ҚР басқа кітапханаларымен үйлестіреді, жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханаларға қорларды іріктеп жинақтау, кітапханалық құжаттарды өңдеу мәселелері бойынша көмек көрсетеді және басшылық етеді. «ИРБИС 64» АКАЖ-інде жұмыс істейді.

Бөлім басшысы: Искакова Гульсум Какешевна

Байланыс телефоны: 8(7212) 430704;  e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімі

Бөлімнің жұмысы компьютерлік технологияларды енгізуге және қолдауға бағытталған.  Кітапхананың техникалық және бағдарламалық құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. «ИРБИС 64» автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады. Кітапхананың өзіндік электрондық қорларының сақталуын қамтамасыз етеді. Кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізеді.

Бөлім басшысы: Жайменов Талгат Умербаевич

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: karaganda_oub@mail.ru

 

Негізгі қорды сақтау бөлімшесі

Бөлімше кітапхананың негізгі қорын сақтауды қамтамасыз етеді. Негізгі қорды кітапхана қорын жинақтау  бағдарына сәйкес ағымдағы басылымдармен және өткен жылдардағы кітаптармен толықтырады. Жаңа әдебиетке тапсырыс белгілеуге қатысады, жаңа түсімдерді қабылдайды және бөлімдердің қосалқы қорлары бойынша таратады. Қызмет көрсету бөлімінің тапсырыстары бойынша оқырмандарға әдебиетті тапсырады. Кітаптардың жарамсыз етіп тастауының, бүлінуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Бөлім басшысы: Казтаева Каршыга Сайлауовна

Байланыс телефоны: 8(7212)430649; e-mail: kThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қызметтер:

  • Интернет
  • Электрондық пошта
  • Компьютерлік терім
  • Ксерокөшірме
  • Сканерлеу
  • Принтермен басып шығару
  • Библиографиялық тізімдерді құру
  • Тақырыптық көпшілік іс-шараларды өткізу

 

 

Кітапхананың жұмыс уақыты 

Жұмыс уақыты: сағат  10.00 –ден 18.00-ге дейін

Демалыс күні – дүйсенбі

Айдың соңғы жұма күні – санитарлық күн

 

Біздің мекен-жайымыз:

Қарағанды қ., Ержанов к.,  8А, тел.: 8(7212)-430649, 430704

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.