15.12.2025ж, Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты кездесу іс-шарасы өтті.
Шара барысында оқырмандар назарына Тәуелсіздік тарихы туралы бейнебаян ұсынылып, студенттердің орындауында өлеңдер оқылып, әсем әндер орындалды.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің тарих факультеті «Археология, этнология және Отан тарихы» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Нұртас Бірлікұлы Смағұлов, желтоқсан оқиғасының куәгері Абай Абдрахманов, Қарағанды қаласы ардагерлер одағының төрағасы Өзібек Исатайұлы Бимендин қатысушыларға Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жайында ақпарат берді. «Шырақ» әуесқой театрының белсенділері «Отан - ана» қойылымын көрсетті.
Шараға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті тарих факультетінің «Археология, этнология және Отан тарихы» кафедрасы жанындағы «Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубының және Қарағанды медицина университетінің «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірме мүшелері, Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері қатысты.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1998-15-zhelto-san-2025#sigFreeIdb9973ac7bb
