

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік мекемесінің «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) ақпараттық, мәдени және білім беру қызметтерін жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 57/04 «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына жататын мемлекеттік ұйымдардың атауын өзгерту туралы» қаулысымен құрылды.
3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
4. Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілде толық атауы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде:
Коммунальное государственное учреждение «Карагандинская областная юношеская библиотека имени Ж.Бектурова» управления культуры, архивов и документации Карагандинской области.
6. Мекеменің тұрған жері: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Ержанов көшесі, №8А үй.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
9. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қарағанды облысының әкімдігі бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
1) оқырмандарға кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
2) кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру;
3) Қарағанды облысының жасөспірімдерімен жұмыс істейтін кітапханаларын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету.
13. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) оқырмандардың жас ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, дәстүрлі және электронды түрдегі басылымдардың кұжаттар қорын жинақтап құрастырады;
2) түскен басылымдардың барлық түрлерін өңдеп, жүйелейді, каталогтар мен картотекалар жүйесі арқылы олардың мазмұнын толық түрде көрсетеді;
3) құжаттар қорының есепке алу және сақтау, пайдаланылуды бақылау арқылы сақтауын қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық шараларды жүзеге асырады;
4) қызметі жастарды тәрбиелеумен, оқытумен, ағартумен және олардың бос уақытын ұйымдастырумен байланысты балалар мен жасөспірімдерге және оқырмандардың басқа да санаттарына кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
5) мемлекеттік мекемеде оқырмандарды баспа туындылары мен басқа да материалдар жинағымен қамтамасыз етеді және стационардан тыс қызмет көрсетеді;
6) ерекше бағалы және сирек кездесетін басылымдарға оқырмандардың қол жеткізудің тәртібін анықтайды;
7) оқырмандармен жеке және көпшілік жұмыс барысында кітапты насихаттаудың тиімді түрлері мен әдістерін қолданады;
8) жастар ұйымдары, шығармашылық одақтар, оқу орындарын тартып, қызығушылықтары бойынша оқырмандар бірлестіктерін құрайды;
9) мәдени-ағарту бағдармаларын іске асыруда, жастардың бос уақытын ұйымдастыруда, мәдениет мекемелерімен, шығармашылық одақтармен, оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
10) жасөспірімдерді тәрбиелеу, оларға білім беру және мәдени қызмет көрсетумен шұғылданатын қоғамдық комиссиялар мен кеңестердің жұмысына қатысады;
11) жасөспірімдерге қызмет көрсететін барлық жүйедегі және барлық мекемедегі облыс кітапханаларына әдістемелік қызмет көрсетеді;
12) кітапхана ісін дамытудың негізгі бағыттарын, кітапханалардың – әдістемелік орталықтардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және библиографиялық жұмыстарының жиынтық үйлестіру жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
13) өз бетінше, сондай-ақ өзге де кітапханалармен, тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, оқу орындарымен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер, тренингтер, практикумдар және басқа да іс-шаралар өткізеді
14) кітапхана қызметінің бағыттарымен байланысты әртүрлі халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конференцияларға, семинарлар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, акциялар және басқа да іс-шараларға қатысады;
15) дәстүрлі және электронды ақпарат құралдары арқылы баспа қызметін жүзеге асырады;
16) «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауына кітапханалардың жасөспірімдермен жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар ұсынады;
17) жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету жұмысының озық тәжірибесін анықтайды, зерделейді және жинақтайды, оны насихаттауды және біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды (конференциялар, семинарлар, тренингтер, консультациялар) өткізу арқылы Қарағанды өңірі кітапханаларының жұмыс тәжірибесіне енгізуді ұйымдастырады;
18) оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мәселелері бойынша дербес зерттеулер жүргізеді және облыстық, республикалық, халықаралық зерттеулерге қатысады;
19) кітапхана және мәдени-демалыс қызметі мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
15. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі немесе Қарағанды облысы әкімдігінің не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
16. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
17. Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) осы жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
4) осы жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру жоспарын бекiтедi;
2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк мекеменiң басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртiбi мен өкiлеттiк мерзiмiн, мемлекеттiк мекеменiң шешiмдер қабылдау тәртiбiн анықтайды;
4) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мемлекеттiк мекеменiң құрылымын және шектi штат санын бекiтедi;
6) мемлекеттiк мекеме басшысының ұсынуы бойынша өзiнiң орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
8) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
9) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік мекеменің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
20. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеменің қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
21. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
22. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн бiлдiредi;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және қызметтен босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттiк мекеменiң өзге де басшы қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктер аясын айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкінің құрылу тәртібі
23. Мемлекеттік мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің мүлкін мыналар құрайды:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздер есебінен құрылады.
24. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
25. Мемлекеттік мекеменің қызметі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
26. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
27. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
28. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі шешімі бойынша жүзеге асырылады, және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
30. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қарағанды облысының әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.
31. Мемлекеттік мекеме, заңнамалық актілермен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
33. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
34. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
35. Мемлекеттік мекеменің мынадай филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Қарағанды облысының
мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының
«Ж. Бектұров атындағы
Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ
басшысы
Н. Қ. Каленова