Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК қызығушылықтары бойынша клубтары біздің оқырмандарымыздың мобильді және танымал қарым-қатынас және бос уақытын өткізу орындары болып табылады. Кітапханашылар өздеріне бос уақытты, оқырман қызығушылығын және кітапты біртұтас етіп біріктіру міндетін қояды.
Кітапханада 7 клуб және 1 үйірме жұмыс істейді:
- «БОТА» ЖИО (жасөспірімдер үшін).
- «Famous Books» әлем әдебиетін әуесқойлар клубы (жасөспірімдер үшін).
- «Жас оқырман» клубы (2-4 сынып оқушылары үшін).
- «Атамекен» клубы (5-7 сынып оқушылары үшін).
- қазақ салт-дәстүрлерін дәріптеу бойынша «DASTUR» клубы.
- «ЭкоРазум» виртуалды жастар экологиялық-ағартушылық бірлестігі. Біздің кітапхана өз қызметінің басым бағыттарының бірі «жасыл» тақырыпты қарастырады және жастарға шығармашылық кеңістігін, өзін-өзі жүзеге асыру идеяларын және әлеуметтік маңызды контент ұсынады. Бірлестік жұмысы барысында кітапхананың әлеуметтік желілерінде бірнеше айдарлар ашылды, олар жастар аудиториясына қызықты болады деп үміттенеміз. Сондай-ақ, жастардың Қарағанды және облыстың эколог-мамандарымен, экологиялық ұйымдары мен кәсіпорындарының, қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесулері жоспарлануда.
- «Әдемілікті өз қолымен жасаймыз» үйірмесі, бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған.
Сіздерді бізге қосылуға және қызығушылықтарыңыз бойынша клубтың қатысушысы болуға шақырамыз!
Ақпаратты мына телефон арқылы алыңыздар: 8 (7212) 43-07-04