Құрметті оқырмандар!

Кітапхананың кітап қоры жерлесіміз Қапан Сатыбалдинның «Мен жырлаймын. Я воспеваю» атты кітабының мерейтойлық басылымымен толықтырылды!

2017 жылы Қапан Сатыбалдинның туғанына 100 жыл толуы аталып өтіледі. Атақты қазақ ақыны, драматург және проза жазушының мерейтойына орай Мәскеу қаласында «Высшее образование и Наука» баспа үйінде екі бөлімнен тұратын қазақ және орыс тілдерінде кітап жарыққа шықты. Бірінші бөлімде Қапан Сатыбалдинның шығармалары, ал екінші бөлімде замандастарының, туған-туысқандарының мақалалары мен әңгімелері ұсынылды. Жобаның авторы және құрастырушысы  – жазушының қызы Нәркес Сатыбалдина.

Нәркес Қапанқызына ерекше дарын жазушы, ақын құрметіне шығарған және кітапханаға сыйлық ретінде ұсынған кітап үшін зор алғысымызды білдіреміз. 

 


 

Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар – хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемілекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің бір тұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды қалың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік құрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орыны туралы баяндалады. Кітап жалпы оқырманға арналған.

 

 

 

 


 

Ерболат Әбікенұлының кейіпкерлері адам. Адам болғанда да зиялы қауым. Қаузаған тақырыбы «өмір». Өмір болғанда да қаланың қайнаған ортасы.Шығармалары бастан аяқ юморға,сарказмге,иронияға құралған. Тіпті кейде сатираның елементтерін де көптеп кездестіресің. Удай ащы,көркем де өткір тіл, дәлдікке құрылған сөйлем, леризм мен сатираның, психология мен натурализмнің ұштасуы бейне жаңалық іспетті. Ерболаттың кез келген әңгімесін қолыңа алдың, аяғына дейін оқымау мүмкін емес. Оқырманды жіпсіз байлау  оның басты ерекшелігі. Таңбалы баспасынан жарық көріп, күллі әдеби ортада дүмпу туғызған «Министр» жинағындағы біраз әңгімелермен, соңғы кезде жазған он әңгімесінің басын қосып сіздерге ұсындық. Сонымен қатар философиялық бағыттағы қысқа әңгімелерді де,осының ішінен табуға болады.

 

 

 

 


 

 

Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі.Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. 21 ғасырдың ең басты заңы – татулық! Фотоальбом Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған.

 

 

 

 

 

 


 

 

Кітапта автордың Қарқаралы атауының қалыптасуы мен этималогиялық мәселелері және сол өңірді көне дәуірден бірі мекен етіп, кейін қазақ халқының қалыптасу үрдісіне ықпал түркі ру- тайпалары туралы  зерттеулерінің нәтижелері баяндалған. Қарқаралы – Алаш қозғалысынан бастау алған алтын бесігі  ретінде қалыптастырып, Мәңгілік Елдің тұлғалары мен мәдени мұралары туралы автордың ғылыми мақалалары енгізілген. Сонымен қатар оқырман қауымын Қарқаралы өңірі туралы деректік мәліметтермен толығырақ таныстыру мақсатында кітапта мұрағаттар мұрағаттар қорындағы құжаттар, халықтың тарихи жырлары мен ауызекі аңыз – әңгімелері және кейбір жекелеген авторлардың қызықты мақалалары орын алға.

 

 

 

 

 


 

 

Абылайханов, Т. Т. Сұрапыл жылдар [Мәтін] : деректі әңгіме / Т. Т. Абылайханов ; ред. М. Жұмағалиев. - Алматы : Асыл Сөз, 2016. - 344 бет.

Абылайханов Т.Т.

Сұрапыл жылдар

Ата-мекен, туған жер және ата-тарих – халық анасы. Өз анасын сүю, өзге ананы құрметтеу – әр адамның перзенттік парызы. Халқымыздың Әлихан  Бөкейханов сияқты таңдаулы ұлдары айтқызылмай келген тарихымыздың ақтаңдақтарын айту, тәуелсіздігімізді қорғау аса қажет екені талас тудырмайды. Бұл кітаптың танымдық, өнегелік, тәрбиелік мәні, маңызы зорлығы сонда. Оқырман қауым жоғары бағалайды деп ұсынып отырмыз.

 

 


 

 

Оразбек, Н. Өтіп еді сол заман нақ осылай [Мәтін] : 1939-1956 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында болған Фрунзе ауданының жылнамасы / Н. Оразбек. - Алматы : Қазақстан, 2016. - 536 бет. - (Мирас).

Оразбек Нұрмахан

Өтіп еді сол заман нақ осылай 

Кітап 1939 жылдың көктемінде өткен БК (б) П-ның XVIII съезінің өкіметті халыққа жақындату саясатына орай 1939 жылы қара күзде құрылған Фрунзе ауданының жылнамасын жасауға арналған. Қазақ әдебиетінің деректі проза жанрында бұл нақ осыны  көздейтін тұңғыш еңбек. Кітап болашақта «Бір ауданның жылнамасы» сериясына мұрындық болар деп үміттенеміз. Кітап барша оқырман қауымға арналған. 

 

 


 

 

Абылайханов, Т. Т. Айтылмай жүрген құпия [Мәтін] : әңгімелер және деректі повесть / Т. Т. Абылайханов ; ред. М. Жұмағалиев. - Алматы : Асыл Сөз, 2016. - 345 бет.

Абылайханов Татухан

Айтылмай жүрген құпия

Кітап Шоқан Уәлихановтың өмір жолын, азаматтық, ғұламалық тұлғасын көрсетуге арналған қысқа – қысқа әңгімелерден тұрады.Шоқанның азаматтық асқақтығы, ой-толғамы, ақыл-парасаты, әйгілі Қашқар сапарында кездескен жол михнаты, әртүрлі шырғалаң, саяси-әлеуметтік жағдайдың күрделілігі бұқара халықпен қарым-қатынас жасау барысында көрініс тапқан. Шоқанды қалыптастырған қазақ тарихына қатысты Абылайхан, Төлеби, Кенесары, Наурызбай туралы әңгімелер танымдық, тағылымдық зор мәнге ие. Кітап қызықты да, тартымды оқылады.

 

 


 

 

Мұқибекұлы, А. Ұлылық пен мәңгілік [Мәтін] : поэзия / А. Мұқибекұлы. - Алматы : Жалын баспасы, 2016. - 135 бет.

Мұқибекұлы Ауыт.

Ұлылық пен мәңгілік

Алыста жүрген ағайын тағдырына алаң көңіл ақын бұл кітабында Ұлт Көшбасшысының Тәуелсіз Қазақ Елін құру, өркендету, дүниежүзіне таныту жолындағы Ұлы еңбектері мен шекара сыртындағы қандастарымызды Атажұртқа оралту жөніндегі дана шешіміне деген өзінің  ризалығын, жүрекжарды қуанышын асқақ шабытпен  тебірене жырлайды. Президентіміздің  сенімді серігіне, ұлт мақтанышына айналған бір бөлім ел ағаларына, замандастарына арналған ақжарма тілегі мен адал пейілі ерке Есілдей кемерінен асып төгіліп жатады. Сондай-ақ, Ұлы Дала төсінде бой түзеген Мәңгілік Елдің жаңа  астанасын жауһар жырларымен жарқырата түседі.

 

 


 

Назарбаев, Н. Ә.

Қазақстан Республикасының даму стратегиясы = Стратегия развития Казахстана = kazakctan development strategy : ҚР Президенті-елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары"Қазақстан-2030"стратегиясы-"Қазақстан-2050"стратегиясы / бас.ред.Ж.Құсманғалиева. - Астана : [б. и.], 2014. - 285 бет.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді.

 


 

Медетбек, Т.

Көп томдық шығармалар жинағы: төрт томдық / Т. Медетбек. - Алматы : Мереке. - (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты).

Т.1 : Өлеңдер. - 2015. - 385 бет. : сур.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Темірхан Медетбектің төрт томдық шығармалар жинағының бірінші томына 1960 жылдардың аяғына қарай қазақ поэзиясына өз үнімен келіп қосылған ақынның жастық шағын қамтитын албырт та жалынды өлеңдері енгізіліп отыр.

 

 

 


 

Кененбай, Ы.

Алпыстағыалмаағашкөнетарихиәңгімелер: / Ы. Кененбай. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2015. - 386 б.

Каламгер Ырым Кененбайдың бұл кітабы негізінен көне тарихқа арналған. Оның «Аманатқа адалдық», «Жетісу жеріндегі Қазақ хандығы» бөлімдерінде еліміз өміріндегі алтын тарих бастауы - Қазақ хандығының айтулы көзендері Жетісу өңірінде қалай жаңғырғаны, ұлт болып қалыптасуы, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің құрылуына негіз болған тарихи өлшемдер жайында айтылады. Ал «Бабалардың iзi бар», «Анамен сырласу» бөлімдерінде ел бірлігін сақтауға, алғашқы қазақ мемлекетін қалыптастыруға бөлсене атсалысқан аналар мен әкелер өмірі жайында әңгіме әдемі өріледі

 

 

 


 

25 белес. Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар /Құраст. А. Үкібай.-Алматы:Тау-Қайнар.-2016.-272 б.

Бұл жаңа жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарындағы (1991 – 2016 ж.ж.) түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылыққа танымал өміршең бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді. Осы қанатты сөздердің бүгінгі күнмен берік сабақтастығын көрсету мақсатымен білікті мамандардың түсініктеме-комментарийлері қоса ұсынылып отыр. Жинақ ел тарихын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналған.

 

 

 


 

Әминов, Т. М. 
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) : жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студ. арналған оқу құралы / Т. М. Әминов. - Алматы : "Эверо", 2014. - 260 бет

Оқу құралында студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмаларымен бірге тест сұрақтары және түсініктеме сөздік берілген.

 

 

 

 

 


 

Байсақалова Ұ.С.

Қазақ тілі. Оқу құралы. 4-басылым, толықт. және өнд. - Астана: Фолиант, 2016. - 216 б.

Мемлекеттік тілдің үйретілу мақсаты, міндеті, оған қойылатын талаптар ескеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білімдік стандарты басшылыққа алынды. Кешеннің мақсаты мен міндеті түсініктемеде айқын көрсетілген.

Әр тарау соңғы нәтиже сабақтар және пысықтау сұрау-тапсырмалармен түйінделген.

 

 

 

 


 

Медешова , А. Б.

Нысандық-бағдарлық бағдарламалау тілдері: оқу құралы / А. Б. Медешова . - Алматы : Бастау, 2016. - 296 бет.

Оқу құралы «Информатика», «Ақпараттық жүйе», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге «Нысандық-бағдарлық бағдарламалау тілі», «С# бағдарламалау тілі» және «Delphi бағдарламалау тілі» пәндерін оқыту үшін ұсынылады. Оқу кұралында Delphi және С# нысандық-бағдарлық бағдарламалау тілдерінің теориялық материалдары және оны қолданудың зертханалық жұмыстарына лайықты мысалдар мен есептердің мол жиынтығы берілген. Әр тақырып соңында студенттің ӛз бетімен орындауына арналған жаттығулар, бақылау сұрақтары және тестілік тапсырмалар келтірілген.

 


 

Ежелгі дүние жаршылары / құраст. П. А. Тлеубердина. - Алматы : Аруна, 2015. - 96 бет.

Адамзат тарихы мен мәдениетінде ежелгі дәуірлерге жататын таңғажайып дүниелер бар. Олардың бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткендері баға жетпес байлығымыз саналады.

 Соның бірі – қазындылар мен қазба қалдықтар. Қазындылар өсімдіктер мен жануарлардың тарихы туралы егжей-тегжейлі мәлімет береді. Оларға өсімдіктердің қазба қалдықтары мен омыртқалары, омыртқасыз жануарлардың сүйектерінен бастап, қазып, аршып алынған кез келген бөліктері немесе іздері кіреді.

 

 

 

 


 

Балаларды математиканы түсінуге жетелейік: бірегей жүйелі құрылған көрнекті анықтама / құраст. К. Вордерман ; ред. М. Кенжебаева. - Алматы : Алматыкітап, 2014. - 295 бет.

Балаларды математиканы түсінуге жетелейік. Бірегей жүйелі құрылған көрнекі анықтама.

 

 

 

 

 


 

Оқушының қысқаша анықтамалығы 5-11 сыныптар / ред. П. И. Алтынов ; ред., ред. П. А. Андреев. - 2-ші бас. - Алматы : Алматыкітап, 2011. - 656 бет.

Анықтамада жалпы бiлiм беретiн мектептердегi қазақ тiлi, орыс тiлi, өдебиет, шет тiлi, Қазақстан тарихы, дүние жүзi тарихы, математика, информатика, география, биология, физика, химия пөндернiң мектептiк бағдарламаларының ғылыми негiзi басшылыққа алына отырып, сол пөндердiң қысқартылған мазмұны берiлген. Кiтаптың орыс тiлiндегi түп нұсқасы қазақ тiлiне аударылып, бiрқатар қажеттi өзгерiстер жасалған. Орыс тiлi бөлiмiне -қазақ мектебiндегi орыс тiлi, орыс мектебiндегi қазақ тiлi, әдебиет бөлiмiне -қазақ өдебиетi, тарих бөлiмiне - дүние жүзi тарихы, Қазақстан тарихы, география бөлiмiне - “Қазақстанның физикалық географиясы” мен “Қазақстанның өлеуметтiк-экономикалық географиялары” енгiзiлген.

 Мектеп оқушылары кез келген уақытта iздеген ғылыми деректерiн таба алады. Жеке пөндердiң ғылыми негiзi болып табылатын ұғымдар, олардың анықтамалары мен түсiнiкгерi, сондай-ақ мектеп бағдарламасындағы жеке мөселелер, тақырыптар “Анықтама” шеңберiңде қарастырылады.

 


 

Каташева, А. Ч.

Жануарлар биотехнологиясының қазіргі әдістері зертханалық сабаққа арналған оқу әдістемелік нұсқауы / А. Ч. Каташева, А. Д. Ускеева, Л. Үгіт. - Алматы : Альманах, 2016. - 35 бет.

Жануарлар биотехнологиясының заманауи əдістері» пəнінің мақсаты –студенттерде жануарлардың гендік жəне жасұшалы инженериясының мүмкіншіліктері туралы, биотехнологияда жануарлардың клеткаларын қолдану жолдары жəне əдістері туралы білімді дамыту. Осы курстың тапсырмасы –болашақ мамандарға жануарлар биотехнологиясы саласында сапалы жəне терең білім беру. Əдістемелік нұсқау биотехнология мамандығына арналып жазылған.

 

 

 


 

Каташева, А. Ч.

Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы: оқу құралы / А. Ч. Каташева. - Алматы : Альманах, 2016. - 90 бет.

Оқырмандарғаадам ағзасының даму заңдылықтары, жас аралық және өзіндік ерекшеліктері және бала ағзасының физиологиялық процестеріне негізделген гигиеналық ережелер туралы түсінікті  қалыптастыру.  Оқу құралы жоғарғы және орта мекте оқушылары мен жоғарғы оқу орындарына арналған. 

 

 

 

 


 

Ауылшаруашылық техникалар сенімділігі: оқулық. - Алматы : Альманах, 2016. - 290 бет.

Оқулықтың қалған тарауларында автомобильдер, тракторлар,ауылшаруашылық мəшинелер жөндеу теориялық негіздері, мəшинелерескіру жəне тозу процесстері мен заңдылықтары, бөлшектердің тозғанбеттерін өсіру мен жаңарту озық тəсілдері берілген. Мəшинелер жөндеу өндірістік жəне технологиялық процестері, басқа оқулықтарда берілмеген ауылшаруашылық мəшинелері мен агрегаттардың кеңістік геометриясын бақылау мен жаңартуы жəне тозған бөлшектерді жаңарту жаңа тəсілдері қарастырылған. Нарықтық экономика жағдайындағы мəшинелер жөндеу өндірісін ұйымдастыру мен басқару, күту-жөндеу базасын есептеу жəне жөндеу сапасын басқару негіздері берілген. Аталған оқулық инженерлі-техникалық мамандығын игеріп жатқан жоғарғы оқу орындары мен колледжтердің студенттеріне жəне мəшинелерді пайдалану, күту-жөндеу жəне жасаумен шұғылданатын мамандарға арналған.

 

 


 

 

Қазиев, Ж. І.

Ветеринариялық рентгенология: оқулық / Ж. І. Қазиев. - Алматы : Альманах, 2016. - 303 бет. - ISBN 978-601-7869-32-8 (мұқ.) : 13090.00 тг.

Ветеринариялық рентгенологияның ең соңғы оқу құралы 1966 жылы  орыс тілінде шыққан болатын. Аталған мерзімнен бері бұл ілім əлдеқайда дамып, өсу үстінде болды. «Ветеринариялық рентгенология» негізінен ветеринария мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының қазақ бөлімдері студенттеріне арналған алғашқы оқу құралы болмақшы, сонымен бірге оқу құралын малдəрігерлік тəжірбиедегі мамандарда пайдалануына болады. Оқу құралы жалпы жəне арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімінде рентген физикасы, рентген техникасы мен рентген сəулесінің көмегімен жүргізілетін тəсілдерді пайдаланып, жануарларды зерттеу жолдары жазылған. Арнайы бөлімінде рентген сəулесінің көмегімен əртүрлі жүйелер мен мүшелердің ауруларын, оның ішінде сүйек пен буын, көкірек пен құрсақ қуысындағы ағзалар мен ас қорыту жүйелерінің ауруларын анықтаудың əдіс-тəсілдері баяндалған.

 


 

Агрохимия және тыңайтқыш қолдану: оқулық / Р. Елешев [и др.]. - Алматы : Альманах, 2016. - 298 бет. - ISBN 978-601-241-144-7 (мұқ.) : 12040.00 тг.

Оқулықта өсімдіктің химиялық құрамы мен қоректенуінің теориялық негіздері, тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері, тиімділігін арттыру жолдары жөнінді толық мағлұматтар берілген. Кітапта тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік, лизиметрлік тәжірибелер туралы материалдар бар. Тыңайтқыш мөлшерін анықтау әдістері мен оларды Қазақстанның әрторлі топырақ-климат жағдайларында қолдану тәсілдері, ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жойесінің принциптері, қоршаған ортаға әсері бойынша мәліметтер келтірілген. Оқулық ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының студенттері мен агроөндіріс саласының мамандарына арналған.

 

 


 

Агрохимия және тыңайтқыш қолдану: оқулық / Р. Елешев [и др.]. - Алматы : Альманах, 2016. - 298 бет.

Оқу құралында өсімдікті, топырақты, тыңайтқыштарды талдау əдістері, оқу практикасын жүргізу жөнінде əрі семестрлік жəне дипломдық жұмыстарды орындау туралы əдістемелер баяндалған.

 

 

 

 

 

 


 

Мәңгілікел -Қазақстан = Вечнаястрана - Казахстан = Kazakhstan - Eternal country : фотоальбом / ред. Ж. Тойбаева ; құраст. М. Байленова. - Алматы : Қазақэнциклопедиясы, 2017. - 184 бет.

Мәңгілік ел-Қазақстан фотоальбомы Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық-саяси ахуалын көрсететін, сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын, салт-дәстүрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын, ойындарын, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын, т.б. ерекшеліктерін, фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады.

 

 

 


 

Қазақстанхалқыныңөнері =Искусство народа Казахстан=Art of the People of Kazakhstan / ред. В. Титенев ; ауд. П. Ким [и др.]. - Алматы : Тау Қайнар, 2017. - 280 бет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің Тәуелсіздігіміздің ең ұлы құндылықтарының бірі болып табылады. Тәуелсіздік, келісім мен ортақ болашақтың ұлты-бір-біріне байланысты түсініктер.

 

 

 

 

 

 


 

Алпамысқызы, Н.

Ғұмырдыңкемелшағыбар: өлеңдер / Н. Алпамысқызы ; ред. А. Тымболова. - Алматы : Дәстүр, 2017. - 288 бет.

Бұл белгілі ақын Нәзікен Алпамысқызының мемлекеттік тапсырыспен шығарып отырған алғашқы жыр жинағы. Ақын Нәзікен Алпамысқызының 80 жылдық мерейтойына байланысты оның шығармашылығы жайлы халқымыздың белгілі ақын-жазушыларының әр жылдары жазған пікірлері де осы кітапта беріліп отыр. Ақынның өзіндік дүниетанымынан туған философиялық мән-мағынаға толы жыр шумақтары көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

 


 

Ұзақов, Б.

Құламақұз, қаражер : Әңгімелер, әдебиэсселер / Б. Ұзақов ; ред. С. Шәуленқызы. - Алматы : "Баспа", 2017. - 320 бет.

Жазушы Бегабат Ұзақов өз шығармаларында адалдық пен опасыздықтың, әділет пен қиянаттың, мәрттік пен нәмәрттіктің егесін суреттеу арқылы ой толғап, тың тұжырымдар жасайды. Бұл кітапқа енген шығармалардың ойы нәрлі, тілі әрлі. Көркем сөздің құдіретін құрметтейтін қауымға берері мол.

 

 

 

 

 


 

 Ақылай, С.

Өлең-ғұмыр : Өлеңдер, поэмалар, аудармалар. / С. Ақылай ; ред. А. Тымболова. - Алматы : Дәстүр, 2017. - 288 бет.

Ақын Сәнді Ақылайдың “Өлең-ғұмыры” жыр әлеміндегі екінші кітабы. Алғашқы жинағы 2003 жылы “Рух патшалығына саяхат” деген атпен жарық көрген. Отанды сүю адамның жүрегіндегі иманында екенін өлеңмен өріп, ұрпақ тәрбиесіне үн қосқан ақынның жырлары оқырманды бей-жәй қалдырмайды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 


 

Айтбайұлы, Ө.

Тілтірек : ой-толғамдар, мақалалар / Ө. Айтбайұлы ; ред. А. Тымболова. Алматы : Дәстүр, 2017. - 384 бет.

Академик Өмірзақ Айтбайұлының бұл кітабы да бар өмірін қасиетті ана тіліміздің тағдырына арнаған жан тебіренісі. Ол мәдениет, қоғам қайреткерлері туралы сөз қозғаса да, білім, ғылым, өнер туралы толғанса да немесе автор туралы замандастары сөйлесе де қасиетті ана тіліміздің тағдыры тілге тиек етіледі. Кітаптың «Тілтірек» деп аталуы да сондықтан. Кітап тіл тағдырын өз тағдырымен байланыстыра білген отаншыл азаматтарға арналады.

 

 

 

 


 

Асабаев, З.

Замана тынысы : Очерк, эссе, көсемсөз, естеліктер. / З. Асабаев ; ред. А. Тымболова. - Алматы : Дәстүр, 2017. - 384 бет.

Белгілі жазушы-журналист Зәкір Асабаевтың әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен қоғамдағы толассыз жүріп құбылыстар жайында жазған очерк, суреттеме, эссе, естеліктері оқырманын бей-жәй қалдырмайтыны анық. Кітапқа күллі бір кезең, дәуір, халықтың бастан кешкен елеулі оқиғалары суреттеледі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 


 

Тұрғынбекұлы, С.

Кейкі батыр / С. Тұрғынбекұлы ; ред. Ш. Оразбаева. - Астана : Фолиант, 2017. - 320 бет.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері, Халықаралық «Түрік поэзиясы» фестивалінің бірнеше мәрте иегері Серік Тұрғынбекұлының бұл кітабында 1916 жылдары Ел Тәуелсіздігі үшін күресіп, жанын пида еткен, мергендігі мен ерлігі ел ішінде аңызға айналған хас батыр Кейкі Көкембайұлының өмір тарихы, талайлы тағдыры жан-жақты баяндалған. Кітапта сондай-ақ көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлы мен белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбектің алғы сөздері қоса ұсынылған. «Кейкі батыр» дастанының тілі көркем, оқиғасы әсерлі, мазмұны мен ойы мағыналы. Кітап туған жерінің тарихын қадірлей білетін қалың оқырманға арналған.

 

 

 

 


 

Қаңтарбаев, Ә.

Жұлдыздарсөнбейді : Новелла, әңгімелер, көркемочерктер, публикациялар. / Ә. Қаңтарбаев ; ред. А. Қарамырза. - Алматы : "Баспа", 2017. - 338 бет.

«Жұлдыздар сөнбейді» - жазушы Әлібек Қаңтарбаевтың әр жылдары жазылған шығармаларының жиынтығы. Автордың кез келген шығармасындағы кез келген кейіпкерінің көгентүптегі асқақ арманы біреу, ол-Егемендік. Егіле, үздіге аңсайды соны. Жазушы «Алаш азаматы» атты интеллектуалдық сұхбатында академик Ережеп Мәмбетқазиевпен диалогқа түсе отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда, оның ішінде білім беру саласында болған қиыншылықтар, жалпы осы саланың бүгіні мен ертеңі хақында ой толғамдарын беруге әрекеттенген. Жинақтың соңғы бөлімінде қазақтың әдебиеті мен өнерінің біртуарларымен жүргізілген сұхбаттар, көркем очерктер берілген. Автордың тілі жатық, ой толғамдары салиқалы да салмақты. Бұл жинақтағы кез келген шығарма оқырманын бейжай қалдырмасы анық. 

 


 

Оспанов , М.

Айшуақ : өлеңдер, балладалар, поэмалар. / М. Оспанов ; ред. А. Тымболова. - Алматы : Дәстүр, 2017. - 288 бет.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, белгілі ақын Мұоатбек Оспановтың бұл кітабына енген өлеңдері көпшілікті ой тұңғиығына жетелейді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.