Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «DASTUR» клубының аясында «Дәстүрлер шеберханасы» атты шеберлік сағаты өтті.
Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, ата-баба мұрасына деген құрметін арттыру, ұлттық тәрбиеге баулу, тарих пен мәдениетке қызығушылық ояту.
Шараға ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, облыстық мәслихаттың депутаты, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп жүрген Меруеш Башай шақырылды. Ол өзінің жасаған бұйымдарымен таныстырып, олардың жасалу жолдарын көрсетті.
Жасөспірімдер қазақтың ою-өрнегі, киіз басу, кестелеу, зергерлік өнер сынды дәстүрлі қолөнер түрлерімен танысып, атадан балаға жалғасқан өнердің маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.
Шеберлік сағатына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері қатысты.
	http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1933-29-azan-2025#sigFreeId4da9ea19a2


