Жанға дауа әуендер

Әлемнің таңғажайып  музыкасын зертеушілердің өнері мен шығармашылығына арналған «Жанға дауа әуендер» атты музыкалық сағаттары кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің мультимедия залында ай сайын өткізіліп отырады. Негізгі мақсаты оқырмандарды басқа да елдің кәсіби музыкаларын құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Теориялық білім беру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру.Сонымен қатар оқырмандардың музыкалық ой-өрісін кеңейте отырып қорымызда сақталған пластинкалармен кеңінен таныстыру. «Музыка» – адамзаттың туа біткен әмбебап тілі . Ол біздің жан дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана-салтымызға баулитын сиқырлы күш болғандықтан іс-шара барысында музыкантардың кітаптарынан кітап көрмесі және пластинкалар көрмесі ұйымдастырылады.Құрметті оқырмандар жаныңызға дауа болар әсем әуендер тыңдағыңыз келсе,сиқырлы музыка әлемімен сырласқыңыз келсе біздің музыкалық сағатымызға келіңіздер.

  

 

«Жанға дауа әуендер»

«Соғыс жылдарындағы әндер»

«Соғыс жылдарындағы әндер»

2016 жылдың мамыр айының алтыншы жұлдызында Ж.Бектуров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде ай-сайын өткізілетін «Жанға дауа әуендер» атты музыкалық сағатының бүгінгі көрсетілімі ҰОС 71 жылдығына орай «соғыс кезіндегі әндер» деген атпен пластинкалар көрмесі өткізілді.

Мақсаты:Ұлы Отан кезіндегі жауынгер солдаттарды жігерлендіріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыра түскен әндерді қазіргі жас ұрпақтардың санасына сіңіре отырып,осы әндер біздің кітапхана қорымызда пластинкалар түрімен сақталғандығын насихаттау.Іс-шарамызға Қарағанды Мемлекеттік Университетінің филологиялық факультетінің КС-11группасының студенттері шақырылды.Арнайы қойылған пластинкалар көрмесімен таныстыра отырып,сол кездегі әндердердің шығу тарихына тоқталып өттік.Сонымен қатар соғыс кезіндегі әндерді пластинкалардан тыңдап,қорымызда сақталған қазақ тіліндегі Қазақстан ақындарының «Елге хат», «Отан алдында», «Соғыс», «Әлия туралы жыр», «Кәдімгі біздің Қошқарбай» және көптеген өлеңдерді пластинкалардан тыңдап,студентер өз ойларымен бөлісті.Поэзияны пластинка арқылы тыңдаудың қаншалықты құнды әрі шынайы сонымен қатар сол өлеңді оқып отырған дикторлардың әсем дауыстары жаныңызды тебірентері соншалықты студенттер қайталап тыңдаудан жалықпады.  

 

***

Қараша айының жиырма екісінде кітапханамызда, ай-сайын өткізіліп отыратын «Жанға дауа әуендер» - атты музыкалық сағатының тағы бір саны өткізілді. Іс-шарамыздың негізгі тақырыбы Сергей Иванович Танеевтің - 160 жыл толуына арналған музыкалық сағатқа Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар ұрпақтар қазіргі жасөспірімдер болғандықтан іс-шараға Қарағанды облысы Сарань қаласының Абай Құнанбаев атындағы Сарань гуманитарлы-техникалық колледжінің МД-9-12 тобының студенттері «Лингва» аударма колледжінің студенттері қатысты.Олар осы іс-шараға арнайы қойылған пластинкалардың көрмесін тамашалап,сонымен қатар бейнебаян көріп,грампластинкалардан әуендер тыңдады. Іс-шарамыздың соңын студенттерге викториналық сұрақтар жасырып олардың ойлау қабілеттерін тексерумен аяқтадық.