ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2016

 


Кітапханалар қызметі Қазақстан Республикасының мәдениет саясаты тоғысында: даму бағыттары [Мәтін] : республикалық конференция материалдары, 2016 ж. 26-27 мамыр, Қарағанды / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы ; Қазақстан кітапхана қауымдастығы; Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; ред.алқа: Г. Ә. Бекбалакова [және т.б.]. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2016. – 103 б.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының 40 жылдығы аясында 2016 ж. 26-27 мамырда Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының мәдени саясаты контекстіндегі кітапханалардың қызметі: даму векторлары» атты республикалық конференция өтті.

Басылымда пленарлық отырыста және «Жас ұрпаққа арналған кітапхана: идеялар мен тәжірибелер ауқымы» семинар-тренингі барысында айтылған сөздердің мәтіндері ұсынылады.

Материалдар тақырыбы Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР кітапханалары қызметінің өзекті мәселелерін, заманауи кітапханатанудың жетістіктері мен проблемаларын, жаңа технологияларды пайдалануды және т.б. қамтитын бірқатар мәселелерді қамтиды.

https://ru.calameo.com/read/00447457920c97e0a5c80


Отражение [Мәтін] : библиомозаика : 2 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. О.Н.Волкова; ред.: Г.М.Алдонғарова, Н.Қ.Каленова; мұқабаны әрлендіруші М.А.Рахимжанова. – Қарағанды : ЖПФ «Print Shop», 2016. – 150 б.

 

2016 жылы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы өзінің құрылғанына 40 жыл толуын, «БОТА» жастардың зияткерлік орталығының 20 жылдығын, балаларға қызмет көрсету бөлімінің ашылғанына 20 жыл толуын, кітапханаға Ж.К. Бектұровтың есімін берілгеніне және мемориалдық кабинет-мұражайының ашылуына 15 жыл толуын атап өтті. Осы айтулы күндерге орай «Отражение» кітабы шығарылды.

Библиомозаикада кітапхананың тарихы фактілер, оқиғалар және тұлғалар келтіріліп бейнеленген, оның қызметінің ең керемет сәттері көрсетілген.